Күз тобы
Сабақ тақырыбы
Абайтану (5-сынып): Абайдың табиғат лирикасы.
Сабақтың мақсаты
Ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты оқушылар білетін мәліметтерді нақтылай отырып, Абай әлемінің тереңіне үңілу. Өлеңдердің көркемдік ерекшелігін танытып, оны өмірмен байланыстыра талдау.
Сабақтың форматы
- Түрі:
- шоғырланған сабақ
- Типі:
- бекіту сабағы
- Әдісі:
- Қ. Бітібаеваның технологиясы; баяндау, суреттеу; тұжырым кестесімен жұмыс
Сабақтың міндеттері
- Абайдың табиғат туралы өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшелігін тереңдетіп, білімді кеңейту.
- Табиғаттағы тіршілік иелерінің әсемдігін танып, оларды қорғауға тәрбиелеу.
- Оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін дамыту; өз ойын еркін әрі көркем жеткізуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Көрнекіліктер
- интерактивті тақта
- ақын шығармалары, өлеңдер жинағы
- «Тұжырым кестесі»
- бағалау парағы
- «Табиғат әлемі» тақтасы
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушыларды төрт топқа бөліп отырғызу.
II. Үй тапсырмасы (топтық жұмыс)
1) «Қыс» тобы — «Жатқа айту» ойыны
мәнерлеп оқуОйын шарты:
- Төрт топтан 4 оқушы шығады.
- Жүргізуші өлеңнің атауын таңдап, жатқа айта бастайды.
- Қолындағы «жапырақты» келесі оқушыға ұсынады.
- Келесі оқушы өлеңді үзбей жалғастыруы тиіс.
2) «Жазғытұры» тобы — зерттеу тапсырмасы
ізденісТабиғат тақырыбындағы Абай өлеңдерінің жазылу тарихы туралы мәлімет жинақтау: «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай», «Желсіз түнде жарық ай».
3) «Жаз» тобы — иллюстрация жұмысы
шығармашылықАбай суреттеген табиғат бейнесіне иллюстрация салу. Дайын жұмыстар «Табиғат әлемі» тақтасына ілінеді.
4) «Күз» тобы — «Алтын қақпа» ойыны
сөздік қорОйын шарты:
- Жүргізуші бір сөз жасырады.
- Сөзді тапқан оқушы ойынға қатысады.
- Ойын барысында «Тас қақпа», «Күміс қақпа», «Алтын қақпа» сұрақтары қойылады.
- Қатысушы «Тас қақпа» сұрағына жауап берген соң тоқтағысы келсе — өз еркі; бұл жағдайда басқа ойыншы таңдалады.
- Барлық сұраққа жауап берген оқушы арнайы сыйлықпен марапатталады.
Қолданылатын сөздер (тақтада өлең жолдарымен бірге беріледі):
- қансонар
- жаңа жауған қар
- сегіз найза
- бүркіттің тырнақтары
- ұшпадай
- бұлт (жеке шоқ бұлт)
- бура
- түйе
- нәфрәтлі
- жиркенішті
- ғибрәтлі
- үлгілі
- аят
- Құранның жеке толғауы, шумағы
- хадис
- Мұхаммед пайғамбардың өсиеттері; мұсылманға не істеу және не істемеу керектігін түсіндіреді
- масатыдай
- гүл-гүл жайнау, құлпыру
- анталаса
- тұс-тұстан таласа-тармаса ұмтылу
- мамырлап
- жаймен, кербез қозғалу; баяу жүру
- қанжыға
- ердің артқы қасына жақын тұсынан өткізілетін, жүк байлауға арналған таспа
- шапқат
- шапағат, қайырым, мейірім, рақымдылық
- бәйітмысал
- ораза кезінде оқылатын діни, жарапазан сарындас жыр
- малма
- тері илеуге арналған ашытқы
- иін
- теріге жағылатын ашыған айран (иін қандыруға арналған)
- ақ шомшы
- астық артқан түйелер тізбегі
- күзеу
- жайлаудан қайтқан мал қонатын ауылдың күзгі қонысы
III. Сынып жұмысы
Қолдану
а) «Болмасаң да ұқсап бақ» (ән, сурет)
Әр топ өзіне ұнаған тапсырманы орындайды: біреуі сурет салуы мүмкін, топ болып немесе екі оқушы бірігіп ән айтуына болады. Мақсат — шығармашылық қабілетті дамыту.
ә) «Жыр жазамын Абайдың үлгісімен…» (өлең құрастыру)
Әр топқа тақырып ұсынылады: I топ «Қыс» өлеңінің алғашқы екі жолын алып, 3–4-жолын ұйқастырып жазады. Сол сияқты II топ — «Жаз», III топ — «Күз», IV топ — «Жазғытұры» өлеңдері бойынша жұмыс істейді.
Саралау
1) Өлең құрылысына талдау
Оқушылар тұжырым кестесін толтырады (өздік жұмыс).
| Өлең | Эпитет | Теңеу | Кейіптеу |
|---|---|---|---|
| Қыс | |||
| Жазғытұры | |||
| Жаз | |||
| Күз |
2) Фото-коллаж құрастыру
Дайындалған фото-суреттер «Табиғат әлемі» тақтасына ілінеді.
IV. Қорытынды
Рефлексия: «Бүгінгі сабақтан алған әсерім» — оқушылар ойларын жапырақшаларға жазып, ағашқа іледі.
V. Бағалау
Оқушыларды бағалау бағалау парағы арқылы жүзеге асырылады.
VI. Үй тапсырмасы
«Табиғат — сенің өз үйің» тақырыбында эссе жазу.
Автор туралы мәлімет
Семей қаласының №37 гимназиясы (КММ) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Нұрғамысова Шолпан Махмұтқызы.