Тамаша тапқырлық пен түрлі тапқырлық әдісіне жол беретін Тобық жығу ойынын білетін боларсыңдар

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Алматы облысы, Қаратал ауданы, Жылыбұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Тұрсынбекова Гүлмира Бейсенқызы ұсынған сабақ жоспары.

Пән: Қазақ тілі Сынып: 7 Тақырып: Етістікті сөз тіркесі

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Етістікті сөз тіркесі туралы түсінік беру, сабаққа деген қызығушылықты арттыру.

Дамытушылық

Оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіру; ойлау қабілетін және сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік

Туыстық атаулар туралы ұғым бере отырып, алыс-жақынды тани білуге баулу.

Қолданылатын ресурстар мен әдістер

Материалдар

  • Проектор
  • Үнтаспа
  • Слайдтар
  • Видеоролик

Оқыту әдістері

  • Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер
  • АКТ-ны тиімді қолдану
  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Сабақ барысы

1) Психологиялық ахуал қалыптастыру

Оқушылар назарына табиғат тамашалары туралы үнтаспа музыка ұсынылады. Музыка арқылы жағымды көңіл күй қалыптастырылып, оқушылар топқа бөлінеді.

2) Қызығушылықты ояту: «Кім жылдам?»

Оқушыларға билеттердің біреуін таңдату арқылы өткен тақырыптарды еске түсіретін, жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын сұрақтар беріледі.

  • Грамматиканың синтаксис саласы нені қарастырады?
  • Сөйлем құрауда сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуінің орны неге ерекше?
  • Тіл білімі неше салаға бөлінеді?

3) Жаңа тақырып: Етістікті сөз тіркесі

Етістікті сөз тіркесінің жасалу жолдары мен сөйлемдегі қызметі түсіндіріледі.

4) Жаттығу жұмысы

Тапсырма: мәтінді көшіріп жазып, етістікті сөз тіркестерінің астын сызып көрсетіңдер.

Ойын: «Қай сөз өз сыңарларын іздейді?» Оқушылар мәтінді оқып, сұрақ құрастырады; келесі жұп жауапты табады.

5) Жұптық тапсырма: «Айлалы торғай»

Галапагос дейтін аралда тоқылдақ торғайдың бір түрі тіршілік етеді. Бұл торғай тамағын байырғы құстардай тұмсығы мен тырнағы арқылы емес, адам сияқты басқа бір құралды пайдалану арқылы табады. Мәселен, олар ағаш тесігіне ұялаған құрттарды өсімдіктің кішкене шыбықшасымен шұқып шығарып алады.

Жуырда ғалымдар торғайдың тіршілік әрекетін жан-жақты зерттеп, кинофильмге түсіріп алған. Торғай құлап жатқан ағаштың шіріген қабығын тұмсығымен не тырнағымен сыдырып тастап, содан кейін ағаш тесігінде жатқан құртты кішкене шыбықшамен шұқып шығарып жей береді екен. Егер шыбықша ұзын болса, оны ыңғайлап сындырып алады.

Тойғаннан кейін құрттарды шыбықшамен қайта-қайта шығарып алып, оларды қайта-қайта өз ұясына тыққыштап, қор жинаған.

6) Сергіту сәті

«Қара жорға» әніне кірпінің қимылын келтіре отырып би қимылдарын орындау.

7) Шығармашылық жұмыс

Сөз тіркесіне мысал Талдап көрсету Синтаксистік қатынас түрі
Шымшыма әзіл Сын есім + зат есім Анықтауыштық қатынас

Қосымша тапсырма: төмендегі мәтінді оқып, кестеге үлгі бойынша талдау жасаңыздар.

Мәтін: «Бұл қай күн?»

Қазақта шымшыма әзілмен, қағытпа қалжыңмен өткір тілдесетіндер — нағашы мен жиен, қатар-құрдас, сондай-ақ жеңге мен қайны. Жалпы, бір-бірін жеңу мақсатында түрлі жұмбақ сұрақ қойып, тосын тапқырлыққа да жол беріп отырған. Тамаша тапқырлық пен түрлі әдіске мүмкіндік беретін «Тобық жығу» ойынын білетін боларсыңдар? Жұмбақ айтыстар өз алдына бір әңгіме.

Ал енді жеңгесі қайнысына жасырған жұмбақ есепті бәріміз бірге шешіп көрейік: егер бұл күн дүйсенбіден кейінгі немесе бейсенбінің алдындағы демалыс күн болмаса, ал ертеңнің арғы күні сенбі болмаса және кешенің арғы күні сәрсенбі болмаса, онда бұл қай күн?

8) Үй тапсырмасы

Әдеби шығармалардан 10 етістікті сөз тіркесін теріп жазып келу.

9) Бағалау

Формативті бағалау жүргізіледі.

10) Рефлексия

Оқушылардан сабақтан алған әсері мен ұсынысы туралы қысқаша жазбаша пікір алынады.