Мазмұнын әңгімелеу

Сабақтың тақырыбы

Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы

Сабақтың мақсаты

  1. Жануарлар тіршілігінің басты ерекшеліктерін түсіндіру және табиғаттағы өзгерістердің жануарларға әсері туралы ұғым қалыптастыру.
  2. Жануарлардың тіршілігі мен олардың бір-біріне көрсететін қайырымдылығы туралы білімді толықтыру, белсенділігін арттыру, қиялын дамыту.
  3. Аң-құстарды қорғауға тәрбиелеу, қамқорлық жасауға баулу және табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Суреттер

Сабақтың әдісі

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап

Негізгі идея

Табиғаттағы әр тіршілік иесі өз ұрпағын қорғап қана қоймай, кейде басқа жануарларға да жанашырлық танытады. Қайырымдылық — тек адамға тән қасиет емес, ол табиғатта да көрінеді.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

Адам — сенің есімің,
Табиғат — тал бесігің.
Қамқоршысы бола біл,
Тимесін еш кесірің.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Тақырып: «Ұрпақ — тіршіліктің жалғасы»

  • Мазмұнын әңгімелеу
  • Сұрақ-жауап арқылы талқылау

III. Қызығушылықты ояту

  • Семантикалық картаны толтыру
  • Жұптық жұмыс

IV. Жаңа сабақ

Балалар, біз жануарлардың өз ұрпақтарына қандай қамқорлық жасайтынын білдік. Енді бүгін жануарлардың бір-біріне көрсететін қайырымдылығы туралы жаңа тақырыпты өтеміз.

Жұмыс түрлері

  1. Мәтінді мұғалімнің оқып беруі
  2. Көрнекіліктер арқылы мәтін мазмұнын түсіндіру
  3. Мәтінді тізбектей оқыту
  4. Сұрақ-жауап

Мазмұн өзегі

Суыр, арқар және шақшақайдың достығы туралы әңгіме арқылы жануарлар арасындағы өзара көмек пен жанашырлықтың мәні ашылады.

Талқылауға ұсыныс: «Қайырымдылық қандай жағдайда байқалады? Жануарлар не үшін бір-біріне көмектесуі мүмкін?»

V. «Ұйқасын тап» ойыны

Бата алмас түлкі,
Үсті тікен — (кірпі)

Өзіне ноян,
Қорқақ кім? — (қоян)

Жер басқанның жүйрігі,
Аспаннан келер бұйрығы.
Бұйрығы жетіп келгенде,
Шошаңдайды — (қарақұйрық)

Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы — (арыстан)

Белестен шапқан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат,
Бейғам елді іздейді,
Малдан күдер — (қасқыр)

Үні ғажап дүлдүл,
Бақта сайрар — (бұлбұл)

VI. Сергіту сәті

Шөліркемей гүл тұрсын,
Жерім жайнап құлпырсын.
Нұрын сыйлап біздерге,
Көкте мәңгі күн тұрсын.

Ортақ бізге туыстық —
Нұр сыйлаған күн ыстық.
Ыстық бізге кең өлке,
Ыстық бізге тыныштық.

VII. Шығармашылық тапсырма

«Аңшы мен бала» атты көрініс:

Аңшы: Құс аулауға шығасың ба?

Бала: Шығамын.

Аңшы: Атқаныңды жығасың ба?

Бала: Жығамын.

Аңшы: Мә, мылтығым. Атасың ба?

Бала: Атамын.

Аңшы: Мен демалып қайтайын.

(Аңшы бір айналып келеді.)

Аңшы: Құсың қайда, қарағым?

Бала: Атпадым.

Аңшы: Тоғайдан құс таппадың ба?

Бала: Таппадым.

Аңшы: Көлде құс көп еді ғой?

Бала: Көп екен.

Аңшы: Ендеше неге атпадың?

Бала: Түк дәлелім болмады.

Аңшы: Атуға қимадың ба?

Бала: Қимадым. Табиғаттың құстарын да, аңдарын да өзіне қайта сыйладым.

Түйін

Бұл көрініс оқушыны жауапкершілікке, жанашырлыққа және табиғатқа зиян келтірмеуге тәрбиелейді.

VIII. Қорытынды

  • «Адасқан аңдар» ойыны арқылы сабақты бекіту
  • Оқушыларды бағалау