Қаны қара бір жанмын, жаны жара
Абай Құнанбаев
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат, ғадауат¹ пен майдандасқан,
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?
Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма?
Біреуге жай, біреуге тез болмай ма?
Асау жүрек аяғын шалыс басқан
Жерін тауып артқыға сөз болмай ма?
Сонда жауап бере алман мен бишара,
Сіздерге еркін тиер, байқап қара.
Екі күймек бір жанға әділет пе?
Қаны қара бір жанмын, жаны жара.
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ,
Айлаға, ашуға да жақтым шырақ.
Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,
Етекбасты көп көрдім елден бірақ.
Ой кіргелі тимеді ерік өзіме,
Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме.
Өзі ермей, ерік бермей, жұрт қор етті,
Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!
Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей,
Мен келмеске кетермін түк өндірмей.
Өлең шіркін — өсекші, жүртқа жаяр,
Сырымды тоқтатайын айта бермей.
¹Ғадауат (арабша) — дұшпандық, ашу, жек көру
Көп мағыналы сөз
Көркем әдебиет стилінде көп мағыналы сөздердің қолданылуы
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының өмірі
Абай шығармаларындағы лирикалық кейіпкерлер
Қазақ тілінен ағылшын тіліне машиналық аударудағы лексикалық таңдауды шешу жолдарының моделдері мен әдістерін жасау
Оқытылатын тіл елінің әдебиетін қазақ/орыс әдебиетімен салыстыру
Абай шығармашылығындағы эстетикалық көзқарас
Қазақ тіліндегі халықтық медицина терминдеріне этнолингвистикалық сипаттама
Баланың құрсақ ішінде сабақ оқуы
Біржан салдың лирикалық өлеңдері
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК
ӘБДІКӘРІМ САТҰҚ ҚАРАХАН
ҚАРАБУРА
Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастардағы орны
Қаржы-несие мекемелері рыноктық экономиканың негізгі элементі ретінде
АЛТЫНАЙҰЛЫ ҚАРАСАЙ
Социум және әлеуметтік қатынастарды әлеуметтік жұмыс өрісінің объектісі ретінде қарастыру
Экранды басқаратын процедуралар мен функциялар
Салықтардың экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу жүйесіндегі рөлі мен орны
Халықаралық кедендiк ынтымақтастық және мемлекеттiк экономикалық қауiпсiздiк