Кеңес күйін жәй екпінді өлшемге қарап талдап ойнау

Сабақтың мақсаты

  • Күй ойнау шеберлігін арттыру.
  • Күйді орындау тәсілдерін үйрету.
  • Есте сақтау мен ойлау қабілетін дамыту.
  • Музыканы түсінуге және құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ–жауап.

Көрнекіліктер

Үнтаспа, аспаптар, ноталар.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, қатысушыларды түгендеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Кербез қыз» халық күйін жеке орындау. Қағыс, өлшем және екпін бойынша сұрақтар қойып, өткен сабақты бекіту.

III. Қайталау және орындау

Бұрын үйренген күйлерді «ұяшықтағы санды таңдау» ойыны арқылы орындау.

Орындауға ұсынылатын халық күйлері

  • «Нәр ағашы»
  • «Тепең көк»

IV. Жаңа сабақ

Үнтаспадан әртүрлі аспаптардың үнін тыңдау арқылы тақырыпты ашу. Одан кейін сөзжұмбақ және бағыттаушы сұрақтар арқылы аспаптарды ажырату.

Сөзжұмбаққа арналған сұрақтар

  • Үрмелі аспап.
  • Жеті ішекті шертпелі аспап.
  • Тілмелі аспап.
  • Ішекті аспап.
  • Үрмелі аспап.

Аспаптардың үнін ажырату арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы анықталады: халық күйі «Кеңес».

Халық күйлері ұрпақтан ұрпаққа жеткенімен, оларды шығарған күйшілердің аты-жөні ұмыт қалғандықтан «халық күйі» деп аталған. Күйшілер домбыраға құдірет дарытып, сан алуан әуен мен бояуды жеткізе білген.

Халық күйі — халықтың тұрмыс-салты, адамның тағдыры мен өмір болмысын суреттеп баяндайтын, ғасырдан ғасырға ұласатын тұтас музыкалық тұлға. Музыка өнеріндегі ең бай салалардың бірі — күй әлемі.

«Кеңес» күйінің шығу тарихы

Ерте заманда ел ішіндегі елең етер оқиғаларды данагөй қарттар ақылмен, сабырмен кеңесіп шешкен. Алыс жолға аттанған жанға жол сілтеп, бата беріп, шығарып салу дәстүрі болған. Осындай көрініске риза болған бір күйші қарттардың парасатына тәнті болып күй шығарған.

Күйдің сабырлы, жай екпіндегі сипатына қарап, оны «Кеңес» деп атауды ұсынған.

Тыңдалым

Күйді үнтаспадан тыңдау.

V. Орындау тәсілі (практика)

  • Күйді орындау тәсілдерін түсіндіру.
  • Күй орташа екпінде орындалады.
  • Қағыс үлгісі: П П І П V П.
  • Күйде бармақты іліп ойнау белгісі қолданылады.
  • Күйді жай екпінде санап, тактілеп ойнау.

VI. Сабақты бекіту (сұрақ–жауап)

1) Үнтаспадан қандай аспаптардың үнін тыңдадық?

Үскірік, жетіген, шаңқобыз, шертер, сыбызғы.

2) Күй қандай екпінде орындалады?

Орташа екпінде.

3) Халық күйлері деп қандай күйлерді айтамыз?

Авторы ұмыт қалғанымен, халық жадында сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен, халықтың тұрмыс-салтын, өмір болмысын баяндайтын күйлер.

Бағалау

Оқушылардың күй орындау деңгейіне қарай бағалау.

VII. Үй тапсырмасы

«Кеңес» күйін жай екпінде өлшеміне қарап талдап, орындап келу.