Балаларды ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, сұраққа жауап беруге үйрету

Білім беру саласы Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Сөйлеуді дамыту

Тақырып

«Алма» (ертегі)

Мақсаты

  • Балалардың ертегі мазмұнын дұрыс түсінуіне және сұрақтарға толық жауап беруіне үйрету.
  • Кейіпкерлердің ішкі күйі мен іс-әрекетін сахналау арқылы бейнелей білу дағдыларын дамыту.
  • Қызығушылықты оятып, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
  • Өз рөліне еніп, тапсырманы іскерлікпен әрі үлкен шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс

Жабайы

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелеу
  • Тыңдау

Көрнекіліктер

Алма ағашы, қоян, қарға, кірпі, аю суреттері.

Полилингвизм

Жаңа сөздерді үш тілде бекіту.

Каз

Кірпі

Рус: ежик

Eng: hedgehog

Каз

Қарға

Рус: ворона

Eng: crow

Каз

Қоян

Рус: заяц

Eng: hare

Каз

Аю

Рус: медведь

Eng: bear

Сезімдерін ояту

Шаттық шеңбер

Ал, балалар, қараңыз, Таңғажайып бар аңыз. Ертегілер еліне, Қыдырып бірге барамыз. Ну, орманға енеміз, Әсем гүлдер тереміз. Көңілді боп әрқашан, Тату болып келеміз.

Сұрақтар

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күз мезгілі неше айдан тұрады?
  • Күз мезгілінде қандай жемістер піседі?

Дидактикалық ойын: «Дәмін тап»

Балалардың сезім мүшелерін белсендіру және сөздік қорын кеңейту.

Ойын

Ойын шарты

Жемістер алдын ала туралып дайындалады. Балалар көздерін жұмып, ортаға кезекпен шығады. Әр бала жемістің дәмін татып, қандай жеміс екенін табуы керек.

Ой қозғау

«Енді мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жауабын тауып көріңдер!»

Ұйымдастыру және іздестіру

Жұмбақтар

Мұрны бейне түйме, Үсті толған ине.

Жауабы: Кірпі

Түрі көмірге ұқсайды, Қалбалақтап ұшады.

Жауабы: Қарға

Қыста ұйықтайды, жазда қыдырады.

Жауабы: Аю

Қалқиып ұзын құлағы, Елеңдеп қорқып тұрады.

Жауабы: Қоян

Жарайсыңдар! Бұлар — «Алма» ертегісінің кейіпкерлері.

Ертегімен жұмыс

Ертегіні балаларға оқып беру, мазмұнын әңгімелеу және талқылау.

Талқылау сұрақтары

  • Оқиға жылдың қай мезгілінде болды?
  • Жабайы алма қайда қалды?
  • Алманы кім көрді?
  • Қоян қарғаға не деді?
  • Қарға не істеді?
  • Кірпі нені алып кетті?
  • Үшеуі қайда барды?
  • Аю не деп жауап берді?
  • Қандай мақал айтылды?

Ертегіні сахналау

Ән

«Дос болайық бәріміз»

Мақсат

Кейіпкерлерді рөлге еніп, дауыс ырғағы мен қимыл арқылы көрсету.

Тыныштық сәті

Үнтаспадан құстардың сайрағаны, жел тербеткен жапырақтардың сыбдыры, сылдырап аққан су, сусылдаған құм және уілдеген жел дыбыстары тыңдатылады.

Қане, бәріміз бір сәтке көзімізді жұмайық. Өзімізді табиғат аясында серуендеп жүрміз деп елестетейік. Таза ауа, ашық аспан, құстар қалықтап ұшып жүр. Алыстан судың сылдыры естіледі. Терең тыныс алайық. Енді көзімізді ашайық.

Сергіту сәті

Алма баққа барайық, Алма теріп алайық. Ең үлкен алманы Анамызға сыйлайық!

Қимыл-қозғалыспен бірге орындалады.

Қорытынды

Рефлексия сұрақтары

  • Егер алманы сен тауып алсаң, не істер едің?
  • Алманы бірге бөлісіп жеген дұрыс па? Неліктен?
  • Алма қайда өседі?
  • Достар бір-біріне қандай болуы керек?

Егер бүгінгі оқу қызметі ұнаса, алдарыңдағы смайликті көтеріңдер.

Күтілетін нәтиже

Жасайды

Ертегі мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап береді.

Түсінеді

Кейіпкерлердің ішкі күйі мен іс-әрекетін сахналаудың мәнін ұғынады.

Қолданады

Ойындарды қызығушылықпен ойнап, белсенді қатысады.

Автор туралы

Молданбаева Альфия Даулетовна

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебі, мектепалды даярлық тобының мұғалімі.