Оқушылардың сабаққа қатысы мен дайындығын тексеру

Сабақтың тақырыбы

Циклдік операторларды пайдаланып бағдарламалау. Қайталану саны белгісіз циклдер (слайдпен).

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға есептің шартына сай талдау жасауды үйрету, цикл командасы туралы түсінік қалыптастыру және циклді ұйымдастыру принциптерін меңгерту.

Тәрбиелік

Берілген есептер арқылы тиянақтылыққа, ұқыптылыққа және ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

Дамытушылық

Алгоритмдік ой-өрісті кеңейту, пәнге қызығушылықты арттыру, шеберлік пен дағдыларды дамыту.

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың түрі
Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі
Болжау стратегиясы, түсіндіру, деңгейлік тапсырмалар
Көрнекілігі
Дербес компьютер, интерактивті тақта
Қамтамасыз ету
PowerPoint презентациясы, флипчарт, Turbo Pascal бағдарламалау тілі, тест, “Информатика 9” электронды оқулығы
Пән аралық байланыс
Математика

Күтілетін нәтиже

  • Оқушы бағдарлама құруда алғышартты циклден соңғы шартты циклге жылдам ауыса алуды меңгереді.
  • Бағдарламалауды тереңірек меңгереді, пәнге қызығушылығы артады.
  • Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру сәті (1 минут)

Оқушылардың сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру.

2) Үй тапсырмасын тексеру (2 минут)

Бағдарламалардағы қателерді анықтау және сұрақ-жауап арқылы тексеру.

3) Проблемалық жағдаят туғызу (5 минут)

Циклдің қай түрін қандай жағдайда қолдану тиімді екенін талқылау арқылы жаңа тақырыпқа кіріспе жасау.

4) Жаңа сабақтың мазмұны және түсіндіру (10 минут)

Қайталану саны белгісіз циклдер туралы түсіндіру: шарттың орналасуына қарай цикл түрлерін ажырату, қолдану принциптері.

5) Есептер шығару (20 минут)

а) Тәжірибеден қорықпаңыз

Нәтижесін көру үшін бағдарламаның бір бөлігін өзгертіп көріңіз. Оқулықтан №19 және №21 есептер.

ә) Прогрессияға арналған есеп

Компьютерде шығару: Алгебра (9-сынып), №168(а).

6) Қорытындылау (4 минут)

Тест тапсырмалары және электронды оқулықтан тапсырмалар арқылы бекіту.

7) Бағалау (2 минут)

Оқушылардың орындаған жұмыстары мен белсенділігі бойынша бағалау.

8) Үйге тапсырма (1 минут)

Тақырып бойынша қосымша тапсырмалар мен жаттығуларды орындау.