Айыптау - түсінуден гөрі әлдеқайда оңай
Айыптау мен кінәлау туралы қысқа жазбалар
Мен өкпелеген кезде, аспандағы күнді де кінәлаймын.
Мен прокурор емеспін — сені айыптайтын. Адвокат емеспін — қорғайтын. Үкім шығаратын сот та емеспін.
Қиялдың көлеңкесі
Олар мені емес, өз қиялынан жасап алған бейнені жақсы көрді. Ал мені шын таныған кезде, сол қиялға берілгендерінің өтеуін менен сұрап, мені айыптады.
Ақталу мен айыптаудың салмағы
Өзіңді ақтап алу көп сөзді де, көп энергияны да талап етеді. Ал кінәлау үшін бір ауыз сөздің өзі жетеді. Айыптау — түсінуден әлдеқайда оңай.
Оңай жол
Айыптау — жылдам.
Ауыр жол
Түсіну — уақыт пен ниет сұрайды.
Болған жағдайдың бәрінде мені кінәлауға тырысатындар табылады. Кейде тіпті: «Кінәлі сезіну мені көрікті етіп көрсететін сияқты», — деп ойлап та қоямын.
Күздің болғаны қандай жақсы — барлық кінәні соған арта салуға болады.
Бәріне күзді айыптар едім, бірақ шындық басқа: бәріне сен кінәлісің.
Күлкі мен жауапкершілік
Кімде-кім жағдайы қиын бола тұра езу тарта білсе, демек, ол кімді айыптайтынын біледі.
Біреудің көзімен қарағанда
Маған ренжіген әке-шешемнің ойынша, мен — күні-түні компьютердің алдынан тұрмайтын жалқау, ар-намыссыз, миы жоқ, көмектесуді білмейтін оңбағанның бірі.
Қысқа диалог
— Қарындас, милицияға жүріңіз!
— Не үшін?
— Мен сізді ұрлық үшін айыптағым келеді!
— Түсінесіз бе... сіз менің жүрегімді ұрладыңыз...
Дайындаған: Жадыра