Оқушыларды топтық жұмыс кезінде бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу

Үздік ұстаз бәйгесі Категория: бастауыш сынып Сынып: 2

Сабақ тақырыбы: Сөз және оның мағынасы. Синоним дегеніміз не?

Оқу мақсаттары

Синоним, антоним, омоним сөздерді (сөздік қолдана отырып) ажырату, мағынасын түсіну және сөйлеу барысында қолдану.

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс барысында бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дене шынықтыру.

АКТ және ресурстар

  • Оқулық
  • Маркерлер
  • Карточкалар
  • Суреттер
  • Тестік қима қағаздар

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

Синонимге мысал келтіре алады.

Көпшілік оқушылар

Синонимге мысал келтіреді және ажырата алады.

Кейбір оқушылар

Синонимге мысал келтіреді, ажыратады, мағынасын түсінеді және сөйлеу барысында қолданады.

Бағалау критерийлері

Синоним, антоним, омоним сөздерді біледі, олардың мағынасын түсіндіреді және сөйлеу барысында қолданады.

Сабақтың құрылымы

Сабақтың басы

5 минут

I. Ширату

Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатыр жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды допты жолына.
Оңға, солға қарады,
Үлкен тау деп ойлады.

II. «Ой қозғау» әдісі

  • Сөз дегеніміз не?
  • Зат есім дегеніміз не?
  • Сын есім дегеніміз не?
  • Сан есім дегеніміз не?
  • Етістік дегеніміз не?
  • Сөз таптары қандай сұрақтарға жауап береді? Мысал келтір.

Сабақтың ортасы

7 минут

Ұжымдық жұмыс

  • Оқулықпен жұмыс.
  • Өлеңді мәнерлеп оқу.
  • Тізбектей оқу.

1-тапсырма

Өлеңді оқып, қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазыңдар.

Дәптермен жұмыс

Инабатты, ибалы.
Ықыласты, ынталы.

Сөздік

Бұлтаң — мінездің құбылуы, өзгеруі.

Ереже

Синоним — мағынасы бір-біріне жақын, бірақ дыбысталуы әртүрлі сөздер.

әдемі сұлу алыс шалғай

2-тапсырма (жұппен жұмыс)

«Рақат қой салқын су» тақырыбын өз ойларыңмен ашыңдар, кейін автордың ойымен салыстырыңдар.

Әдіс

Ойлан — жұптас — талқыла.

Топпен жұмыс

I топ: Ребусты шешіңдер. Шешуіндегі сөздің синонимін табыңдар.

Автор туралы мәлімет

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы бастауыш сынып мұғалімі — Жолтаева Гаухар Айжарыққызы.

Материал: «Сөз және оның мағынасы. Синоним дегеніміз не?»

Ескерту: «жүктеу» сілтемесі бастапқы мәтінде көрсетілгенімен, URL берілмеген.