Маңызды шешім шығару кезінде қызуқандылыққа салынып асығыс шешім шығару ақымақтық

Жігіт бойындағы 7 кемшілік

Қай қыз-келіншек болсын, ер-азаматтың бойынан ең алдымен көргісі келетін қасиет — сенімділік пен тұрақтылық. Сенімділік — бұл толық қалыптасқан, өзіне жауап бере алатын ересектік.

Өкінішке қарай, мұндай қасиет әр жігіттен бірдей табыла бермейді. Жетілу тек жасқа байланысты емес: 20-да-ақ байсалды, ақыл тоқтатқан жігіттер де бар; 40-тан асса да, әлі ес жиып үлгермеген адамдар да кездеседі. Ал 40-қа келсе де ойы орнықпаған адамның кейін «өзінен-өзі» өзгеріп кететініне сену — күмәнді.

Негізгі ой

Эмоционалдық жетілмегендік көп жағдайда мінез-құлықтан байқалады: шешім қабылдаудағы әлсіздік, жауапкершіліктен қашу, қарым-қатынастағы үстірттік. Төмендегі белгілер — соның жиі кездесетін көрінісі.

1

Албырттық, ырықсыздық

Маңызды шешім қабылдай алмау — эмоциялық тұрғыда жетілмегендіктің белгісі. Өмір тосынсыйға толы болғандықтан, жігітке салқынқанды болу жарасады. Маңызды сәтте қызбалыққа салынып, асығыс шешім шығару — үлкен қателік.

2

Күйгелектік

Түймедейді түйедей ету — мәселені шешудің орнына оны күрделендіріп жіберу. Бұл эмоционалдық жетілмегендіктің әрі уақытпен санаспайтын мінездің көрінісі.

3

Өзіне сенімсіздік

Мұндай адамдардың жақын танысы мен досы аз болуы мүмкін. Олар барынан айырылып қалудан қатты қорқып, байланысқа «жабысып» қалуға бейім келеді. Әңгіме барысында өз қабілетіне сенімсіздігі аңғарылады; жалғыз қалудан да қатты қорқады.

4

Айыптауға бейім болу

Эмоционалды түрде толық дамымаған адам көбіне жанындағыны кінәлауға дайын тұрады: айналадағының бәрі айыпты, өзі ғана «ақ». Жауапкершіліктің бәрін сізге артып, үстіне сізді айыпты санайтын серіктес сізге керек пе? Егер адам сізді үнемі кінәлай берсе, одан іргені аулақ салған жөн.

5

Қарым-қатынасқа дайын еместік

Мұндай адам тек өзіне қажет кезде ғана пайда болады. Қарым-қатынасты жауапкершілік пен тұрақтылық емес, ыңғай мен пайда тұрғысынан көреді.

6

Жақындықты «шешім» ретінде қолдану

Маңызды мәселені талқылап, нақты шешім іздегеннен гөрі жақындықты оңай жол санайды. Тыңдау мен түсінудің орнына «үнсіз қалуды» таңдап, әңгімеден қашуы мүмкін. Көбіне мұндай жігіттер өзінен едәуір жасы кіші қыздармен сөйлескенді қалауы да кездеседі.

7

Болашақтан не қалайтынын білмеу

Оның нақты жоспары жоқ, көбіне бүгінгі күнмен ғана өмір сүреді. «Ертеңін ойламағанның тірлігі зая» деген сөз бекер емес: ертеңге бағдар жасай алмаған адаммен ортақ болашақты жоспарлау да қиын.

Қорытынды

Құрметті қыздар, жұбыңызды таңдауда қателеспей, өзіңізге лайықты, жауапкершілігі бар адамды жолықтыруыңызға тілектеспін. Пікір қалдырып, ойыңызбен бөлісіңіз.

Дайындаған: Дауыл

Қарым-қатынас Психология Өзін-өзі дамыту