Қырау тобы

Сабақ тақырыбы

Табиғатқа саяхат. «Ж» дыбысы мен әрпі. Мағынасы қарама-қарсы сөздер.

Оқу мақсаттары

  • Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату.
  • Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну.
  • Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы сөздердің мәнін ажырату.
  • Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақ қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру.

Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

Қызығушылықты ояту

Ақ ұлпа түссе, еріте көрме — сақтап қал,

Қуанып біздер айтамыз небір тақпақтар.

Тазарып ауа, тамаша күйге келтірген,

Қуаныш сыйлар қыстағы жауған аппақ қар!

Отыра қойыңыздар.

Топқа бөлу

Бүгінгі сабақта төрт топқа бөлініп жұмыс істейміз. Топ атаулары:

  • I топ: Мұз тобы
  • II топ: Аяз тобы
  • III топ: Қырау тобы
  • IV топ: Қар тобы

Айтылым (15 минут)

Әңгімелесу: Қыс мезгілі

Сұрақ

Балалар, топ атаулары қай мезгілде болатын табиғат құбылыстарының атаулары?

Жауап

Қыс.

Сұрақ

Терезеге қарайық: қазір қандай мезгілді көріп тұрмыз?

Жауап

Қыс.

Сұрақ

Қыс мезгілінде қандай ойындар ойналады?

Жауап

Шана тебу, қар атысу, аққала жасау, шаңғы тебу.

Бүгін тапсырмаларды орындау арқылы шаңғы тебуге тауға «саяхаттаймыз». Тауға бару үшін әр дұрыс жауап — бір «билет».

«Билет» сұрақтары

Сабаққа белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беру арқылы билет жинаймыз.

I топ — Мұз тобы

  • Дыбыс дегеніміз не?
  • Әріп дегеніміз не?

II топ — Аяз тобы

  • «У» дыбысы қандай дыбыс?

III топ — Қырау тобы

  • Адамдарға қандай сұрақ қойылады?
  • Заттарға қандай сұрақ қойылады?

IV топ — Қар тобы

  • Дауысты дыбыстардан кейін қандай «и» жазылады?

Дұрыс жауап бергендер — бір-бір билеттен алды. Енді келесі тапсырмаларды орындап, таудағы шаңғымен биікке көтерілеміз.

Кітаппен жұмыс

1-тапсырма: Тыңдалым

«Адамдар жақсы», — деді сиыр.

«Адамдар жаман», — деді сыңар мүйіз ешкі.

Сұрақ

Сиыр неліктен «адамдар жақсы» деді?

Сұрақ

Ешкі неліктен «адамдар жаман» деді?

Мәтіннен мағынасы қарама-қарсы сөздерді табайық.

жақсы жаман

Неліктен бұл сөздер қарама-қарсы? Мысалы, жақсы адам — мейірімді, көмектеседі; ал жаман адам — ренжітеді, зиян келтіруі мүмкін.

Осы тапсырманы орындаған соң, тауға бір қадам жақындаймыз.

Келесі тапсырма: Буынға бөлу

Басқа сынып оқушылары аспалы жолмен кетіп бара жатып, тапсырмада кідіріп қалыпты. Оларға көмектесу үшін сөздерді оқып, буынға бөліп, әр сөзде неше буын бар екенін анықтаймыз.

жүзім

жұлдыз

жұмыртқа

жылан

жеті жүзік

жіп

Мұғалім туралы

Мұғалімнің аты-жөні: Мұқанова Айжанат Бекболқызы