Тәуелсіздік мерекесі қай айда
Сабақ жоспары
Жыл мезгілдері
Бұл сабақ сайыс түрінде өтеді және балалардың жыл мезгілдері туралы білімдерін жүйелеуге, салыстыруға, сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Сабақ барысында сұрақ-жауап, әңгімелеу, өлең оқу, карточкамен жұмыс және топтық тапсырмалар қолданылады.
Тақырыбы
Жыл мезгілдері
Түрі
Сайыс-сабақ
Әдістері
- Сұрақ-жауап, ой қозғау
- Диалог, оқу, аудару
- Карточкамен жұмыс
- Деңгейлік тапсырмалар
- Топпен жұмыс, әңгімелеу
Көрнекіліктер
- Карточкалар, тірек-сызба
- Слайдтар, «Жыл мезгілдері» презентациясы
- Көрме
- Көктемнің алғашқы гүлі — бәйшешек
Сабақ эпиграфы
«Әр жыл мезгілі өзінше тамаша!»
Мақсаттары
1) Білімдік
- Жыл мезгілдері туралы білімді жүйелеу және қорытындылау.
- Әр мезгілдің ерекшеліктерін салыстырып, нақты айтып беруге жаттықтыру.
- Сөз тіркестері мен сөйлем құрау дағдыларын дамыту.
- Сурет бойынша әңгіме құрап айтуға үйрету.
2) Дамытушылық
- Ойлау және есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
- Сөздік қорын молайту.
- Берілген сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап беруге дағдыландыру.
3) Тәрбиелік
- Табиғаттың әсем көрінісін байқап, қызықтай білуге тәрбиелеу.
- Қоршаған ортаны сүюге және аялай білуге баулу.
- Өз денсаулығын шыңдауға пайдалы дағдылар қалыптастыру.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Кезекшімен сөйлесу, сыныпты түгелдеу.
- Айдың атауын және күннің санын айту.
- 1-слайд: жыл мезгілдерінің суреттері.
II. Сайыс кезеңдері
I кезең — Сұрақ-жауап
I топ сұрақтары
- Қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
- Қазір қандай жыл мезгілі?
- Бір жылда неше ай бар?
- Көктем айлары қандай?
- Жаз айлары қандай?
- Көктемде ауа райы қандай?
- Жазда күн қандай болады?
II топ сұрақтары
- Қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
- Қазір қандай жыл мезгілі?
- Бір жылда неше ай бар?
- Күз айлары қандай?
- Қыс айлары қандай?
- Күзде ауа райы қандай?
- Қыста күн қандай болады?
II кезең — «Ең үздік әңгіме»
Әр топ қоржыннан ішінде белгілі бір жыл мезгілі жазылған конвертті таңдап алады. Сол мезгіл бойынша топ болып ассоциация құрып, қысқаша әңгіме құрастырып айтып береді.
III кезең — «Үздік орындаушы»
Әр топ жыл мезгілдері туралы өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
Күз айы басталды,
Құстар қайта бастады.
Жапырақтар сарғайып,
Жерге түсе бастады.
Жапалақтап ала қар,
Жауып тұр күнде қайталап.
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
Көктемде көңілді,
Құстар кеп жатқанда.
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.
Жайқалып жапырақ,
Құлпырып қызғалдақ.
Тұратын көз тартып,
Жаз келді күн шуақты.
Көктем келді көңілді!
Секіремін қуанып.
Кел, достарым, көктемді
Қарсы алайық жыр салып…
IV кезең — Эстафета
Әр топтың оқушылары кезекпен тақтаға шығып, 12 айдың атын ретімен жазады:
- Наурыз
- Сәуір
- Мамыр
- Маусым
- Шілде
- Тамыз
- Қыркүйек
- Қазан
- Қараша
- Желтоқсан
- Қаңтар
- Ақпан
V кезең — «Сандарды сөйлетейік»
Оқушылар кезектесіп сандар жазылған парақтарды ашады. Әр санның артындағы сұрақ оқылып, жауап беріледі.
- Наурыз айында қандай мерекелер бар?
- Сәуір айында қандай мерекелер бар?
- Мамыр айында қандай мерекелер бар?
- Маусым айында қандай мереке бар?
- Шілде айында қандай мерекелер бар?
- Тамыз айында қандай мереке бар?
- Қыркүйекте қайда барамыз, қандай мереке бар?
- Қазан айында кімдерді құттықтаймыз, ол қандай мереке?
- Қараша айында қандай мереке бар?
- Тәуелсіздік мерекесі қай айда?
- Қаңтардағы үлкен мереке қандай?
- Ақпан айында қандай мереке бар?