Paint программасының терезе элементтері

Сабақтың тақырыбы

Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс.

Сабақтың типі

Оқушы білімін бекіту.

Сабақтың түрі

Практикалық.

Сабақтың әдісі

Деңгейлеп-саралап оқыту.

Пәнаралық байланыс

Геометрия, бейнелеу өнері, қазақ әдебиеті.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға редактордың құрал-саймандарын дұрыс қолдануды және негізгі командаларды орындай білуді меңгерту.

Дамытушылық

Графикалық бейнелеу тапсырмаларын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік

Эстетикалық талғамды қалыптастыру, нәтижеге ұмтылуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру, ақпараттық мәдениет пен компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен ресурстар

  • Интерактивті тақта
  • Компьютерлер
  • Слайд
  • Семантикалық карта
  • Сөзжұмбақ, ребус
  • Үлестірме қағаздар

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау, жұмыс орнын ұйымдастыру, қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

II. Үй тапсырмасын сұрау (қайталдау сұрақтары)

Оқушылар интерактивті тақта арқылы сұрақтарға жауап береді.

  1. Paint бағдарламасын іске қосу командасы қандай?
  2. Paint бағдарламасының терезе элементтерін атаңыз.
  3. Суретті сақтау командасы қандай?
  4. Сурет салу неше кезеңнен тұрады?

III. Деңгейлік тапсырмалар (практикалық жұмыс)

I деңгей

Негізгі фигуралар, бояу

Шеңбер/дөңгелек құралын қолданып, өлшемі бірдей 9 шеңбер салыңыз. Оларды үш түсті пайдаланып бояңыз: әр қатарда және әр бағанада түстер қайталанбайтындай болсын.

II деңгей

Композиция құрастыру

Дөңгелек/шеңбер, төртбұрыш және әртүрлі сызық түрлерін қолданып, «Аққала» суретін салыңыз. Дайын жұмысты «Аққала» атауымен сақтаңыз.

III деңгей

Шығармашылық жұмыс

Жазу (Text) құралын таңдап, ұстаздарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтайтын ашықхат жасаңыз: өз ойыңыздан сурет салып, құттықтау мәтінін жазыңыз. Суретті сақтап қойыңыз.

IV. Семантикалық картамен жұмыс

Құрылғыларды қызметіне қарай жіктеу

Құрылғы Негізгі енгізу Қосымша енгізу Негізгі шығару Қосымша шығару
Монитор
Тышқан
Принтер
Пернетақта

Нұсқау: сәйкес ұяшықтарға белгі қойып (✓) толтырыңыз.

Бағдарламаларды қызметіне қарай сәйкестендіру

Бағдарлама Жазу жазу Сурет салу Есеп шығару Дыбыс жазу
Paint
Фонограф
WordPad
Калькулятор

Нұсқау: әр бағдарламаға сәйкес қызметін белгілеңіз.

V. Сәйкестендіру тесті

Берілген тұжырымдар мен жауап нұсқаларын сәйкестендіріңіз.

Сұрақтар

  1. Paint қандай редактор?
  2. Компьютерді өшіру командасы қандай?
  3. Paint бағдарламасының терезе элементтерін атаңыз.
  4. Мәзір қатарын атаңыз.
  5. Paint бағдарламасын іске қосу командасы қандай?
  6. Терезенің ең төменгі бөлігі қалай аталады?

Жауап нұсқалары

  • Графикалық редактор
  • Мәтіндік редактор
  • Іске қосу → Программалар → Стандартты → Paint
  • Іске қосу → Компьютерді өшіру → Өшіру
  • Тақырып жолағы, мәзір, құралдар жиыны, сурет салу алаңы, түстер палитрасы, қалып-күй жолағы
  • Қалып-күй жолағы

VI. Сөзжұмбақ шешу

Тақырыпқа қатысты сөзжұмбақты шешу арқылы негізгі ұғымдарды бекіту.

Үй тапсырмасы

Paint графикалық редакторы бойынша 5 сұрақтан тұратын тест құрастырып келу.