Қазақстанның саяси картасы, интерактивті тақта
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Үстірт орта мектебі • Тарих пәні мұғалімі: Төлегенова Моншақ
5-сыныптарға арналған «Тарихты білесіңдер ме?» сайысы
Бұл материал 5-сынып оқушыларының Қазақстан туралы білімін жүйелеуге, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге және пәнге қызығушылықты арттыруға арналған сайыс-сабақ үлгісін ұсынады.
Мақсаты
- Білімділік: Қазақстан табиғаты, табиғи байлықтары, рәміздері және қоғам қайраткерлері туралы білімді жинақтап, көрсету.
- Тәрбиелік: ұлттық қасиеттерге баулу; елін, жерін, Отанын, халқын, тілін және дәстүрін қастерлейтін саналы азамат тәрбиелеу.
- Дамытушылық: ой-өрісті кеңейту, танымдық деңгейді көтеру, пәнге қызығушылықты арттыру.
Көрнекілігі
Қазақстанның саяси картасы
Интерактивті тақта
Өткізу форматы
Қатысушылар: 5-сынып оқушылары
Бағалау: қазылар алқасы сайланады
Басталуы: Қазақстан Республикасының Әнұранымен
Сайыстың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылар сайыстың шарттарымен таныстырылады.
- Қазылар алқасы анықталады.
- Сайыс Әнұранмен басталады.
7 кезеңнен тұратын құрылым
- I«Қазақ елі – менің Отаным» (20 сұрақтық тест, іріктеу)
- II«Сандарды сөйлет»
- IIIКартамен жұмыс
- IV«Қызықты сөздер»
- V«Мақал – сөздің мәйегі»
- VI«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран»
- VIIҚорытынды
I кезең: «Қазақ елі – менің Отаным»
Бірнеше ғасыр бойы әлем картасында «Қазақстан» атауы жеке мемлекет ретінде анық көрінбеді. Өйткені бұл кезеңде қазақ жері әуелі Ресей империясының, кейін Кеңес Одағының құрамында болды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін алып, егемен ел атанды.
Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде әр әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.
Интерактивті тақтадан 20 тест сұрағы ұсынылады. Жауаптар «ActivInspire / ActivBoard» мүмкіндіктері арқылы тексеріледі.
Тест сұрақтары (20)
- Қазақстанның егемендігі туралы декларация қай жылы қабылданды?
- Тәуелсіздікті қай жылы алдық?
- Қазақстан «Еуразияның кіндігі» деп неліктен аталады?
- Жер көлемі жағынан Қазақстан әлемде нешінші орында?
- Еліміздің жер көлемі неше шаршы шақырым?
- Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы неше шақырым?
- Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі арақашықтық қанша шақырым?
- Қазақстанда қанша облыс бар?
- Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
- Қазақстанның «інжу-маржанын» атаңыз.
- Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?
- Қазақстан Республикасының жаңа астанасын атаңыз.
- Ұлттық валюта – теңге қашан айналымға енгізілді?
- Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы қашан қабылданды?
- Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін атаңыз.
- Халқының саны бойынша Қазақстан әлемде нешінші орында?
- Қазақстан БҰҰ-ға қай жылы мүше болды?
- Тоқтар Әубәкіров ғарышқа қай жылы ұшты?
- Қазақстан Республикасының халық саны қанша?
II кезең: «Сандарды сөйлет»
Слайдта көрсетілген сандар мен жылдардың мәнін түсіндіру ұсынылады. Ұпай деңгейі артқан сайын тапсырмалар күрделене түседі.
10 ұпай
- 9 мамыр – Жеңіс күні
- 1941 – КСРО–Германия соғысының басталуы
- 1939 – Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы
20 ұпай
- 1466 – Қазақ хандығының құрылуы
- 1954 – Тың игеру жылдарының басталуы
- 1961 – Адамзаттың ғарышқа алғаш ұшуы
30 ұпай
- 22 – Наурыз мерекесі
- 3000 – әлемдегі этностар саны (шамамен)
- 98 – Конституциядағы бап саны
III кезең: Картамен жұмыс
Интерактивті тақтада тарихи оқиғадан үзінді беріледі. Оқушылар сол үзінді бойынша оқиғаның өткен орнын картадан көрсетеді.
1-оқиға
XV ғасырдың ортасында Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр хандығынан бөлініп, қазақ аталған халықты ертіп, ... жеріне келді. Сол жерді көрсетіңіз.
Жауабы: Жетісу
2-оқиға
1836–1838 жылдары Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің өз қарамағындағы халыққа көрсеткен қысымына қарсы көтеріліс болды. Аталған Орда қай аумақта орналасқан?
Жауабы: Еділ мен Жайықтың аралығы
3-оқиға
1841 жылы Кенесарыны үш жүз өкілдерінің жиынында ақ киізге отырғызып хан сайлады. Кенесарыны қай жерде таққа отырғызды?
Жауабы: Ұлытау
IV кезең: «Қызықты сөздер»
Оқушыларға ұғымдар беріледі, олар анықтамасын айтады немесе сәйкестендіреді.
Ұғымдар мен анықтамалар
- Карта
- Жер бетінің кішірейтілген нұсқасы.
- Нумизматика
- Ақша айналымының тарихын зерттейтін ғылым.
- Конституция
- Ата Заң.
- Геродот
- Батыс әлемінде «Тарих атасы» атанған тұлға.
- Томирис
- Сақтардың патшайымы.
- Шаңырақ
- Киіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлік.
Ұлттық бұйымдар мен атаулар
- Шекпен
- Қой немесе түйе жүнінен тоқылатын сырт киім.
- Тымақ
- Түлкі терісінен тігілетін ер адамның бас киімі.
- Этнос
- Белгілі бір аумақта тұратын, тілі мен ділі, шығу тегі ортақ ұлт.
- Саба, торсық, келі, күбі
- Қазақтың ұлттық ыдыс-аяқтары.
- Кебеже, абдыра, жастық ағаш
- Үйдің негізгі жиһаздары.
Полиглот (қазақша – орысша)
V кезең: «Мақал – сөздің мәйегі»
Мақал-мәтелдердің жалғасын табу арқылы оқушылардың тілдік қорын және отансүйгіштік мазмұндағы ұғымдарын бекітуге болады.
Мақалдарды жалғастырыңыз
- Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
- Туған жер – алтын бесік.
- Батыр ел үшін туады, ел үшін өледі.
- Отан үшін отқа түс, күймейсің.
- Отан оттан да ыстық.
- Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
- Бейбіт елде береке бар.
VI кезең: «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран»
Блиц-сұрақтар арқылы оқушылардың азаматтық ұстанымын, «Отан», «туған жер», «ерлік» ұғымдарын түсіну деңгейін анықтауға болады.
Блиц сұрақтар
- Туған жер дегеніміз не?
- Сіздің туған жеріңіз қай ел?
- Өз еліңіз алдында қандай міндеттеріңіз бар?
- Ерлік деген не?
Үлгі жауаптар
- Туған жер
- Адамның туып-өскен жері.
- Туған ел
- Қазақстан Республикасы.
- Ел алдындағы міндет
- Туған жерді қорғау, қадірлеу, құрметтеу.
- Ерлік
- Туған жерді қорғап, қадірлеу. Жақсы оқып, еңбек ету де — ерлік.
VII кезең: Қорытынды
Құрметті оқушылар! Бүгінгі «Тарихты білесіңдер ме?» атты сайыс-сабағымыз аяқталды. Бұл сайыс жыл бойы алған білімдеріңізді жүйелеу, бекіту, тексеру және қорытындылау мақсатында өткізілді.
Сабақ барысында өз білімдеріңізді сарапқа салып, біліктіліктеріңізді көрсеттіңіздер. Сіздер елін шын сүйетін, оның дамуы мен көркеюі жолында қызмет ететін нағыз патриот азамат болып өседі деп сенемін.
Нәтижелер
- Нәтижелерді шығару
- Бағалау
- Қорытындылау