Қой сөзіне дыбыстық талдау жасап жіберейікші

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Өтетін орны
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, «Балбөбек» балабақшасы
Тәрбиеші
Шукирбаева Гүлжан Аманкосовна (І санатты, ересектер тобы)
Білім беру саласы
Қатынас
Оқу іс-әрекеті
Сауат ашу және жазу
Тақырыбы
Қ дыбысы және әрпі

Мақсаты

  • Қ дыбысы мен әрпін таныстыру және сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
  • Қ дыбысын қатыстыра отырып сөз және сөйлем құрау; буынға назар аудару.
  • Қ дыбысының сөздегі орнын (басында, ортасында, соңында) табуға дағдыландыру.
  • Байланыстыра сөйлеуге, зейін қоюға және ұғымталдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың өту барысы

Мотивациялық-қозғаушы кезең: «Шаттық шеңбері»

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, «Ойлан да тап» ойынын ойнайды.

Ойын шарты

Балалар шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші допты бір балаға лақтырады. Допты алған бала тәрбиешінің сұрағына тез жауап беріп, допты кері лақтырады.

Іздену-ұйымдастырушы кезең: өткен әріптерді қайталау

Ашық оқу іс-әрекетін бастамас бұрын, балалар бұрын өткен әріптерді еске түсіреді.

Тосын сәт: ата-анамен байланыс

Слайдтан Айнагүл (Аяужанның анасы) көрінеді: ол балалардың қандай әріптерді үйренгенін білгісі келеді.

Ойын

«Сөз ойла, тез ойла»

Айнагүл бір әріпті көрсетеді. Балалар әріпті атап, сол дыбыстан басталатын сөз ойлайды және сөздің орысша, ағылшынша аудармасын айтады.

Нәтиже

Балалар әріптерді сенімді атап, сөз құрастырады. Айнагүл алғыс айтып, қоштасады.

Жаңа тақырыпқа кіріспе: жұмбақтар

Тәрбиеші балаларға жаңа әріпке байланысты жұмбақтар жасырады.

  1. Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. Жауабы: Қой
  2. Көкала костюм киеді, Бойын жерге жасырған. Күннің көзін сүйеді, Бұрымы бар жасылдан. Жауабы: Қарбыз
  3. Қалқиып ұзын құлағы, Елеңдеп, қорқып тұрады. Жауабы: Қоян

Негізгі сұрақ

«Қой», «қоян», «қарбыз» сөздерінің басында қандай дыбыс естіліп тұр?

Балалар дұрыс жауап береді: Қ. Осылайша бүгінгі тақырып анықталады: Қ дыбысы және әрпі.

Дыбыспен жұмыс: артикуляция және белгілеу

  • Балалар қолдарын иектерінің астына қойып, Қ дыбысын бірге айтады.
  • Қ — дауыссыз дыбыс.
  • Дауыссыз дыбыс көк текшемен белгіленеді.

Қ дыбысынан басталатын сөздер

Қасқыр, қоян, қой, қала, қаймақ, қар, қалам, қасық.

Буынға бөлу және дыбыстық талдау

«Қасқыр»

Қас-қыр — 2 буын, 2 дауысты.

«Қой»

Қой — 1 буын, 1 дауысты.

Одан кейін балалар «қой» сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

Сергіту сәті: «Дыбысты анықта»

Ойын шарты

Балалар орындарынан тұрады. Тәрбиеші А дыбысынан басталатын сөз айтса, балалар қол соғады; ал Қ дыбысынан басталатын сөз айтса, аяқтарын топылдатады.

Бейнежазба көрсетіледі: «Сиқырлы әліппе» ашылып, Қ дыбысынан басталатын сөздер айтылады.

Үлестірмелі жұмыс: кеспе әріптермен сөз құрастыру

Балалар кеспе әріптерді пайдаланып, Қ дыбысы сөздің басында және соңында кездесетін сөздерді құрастырып жазады.

Қорытынды бөлім

Рефлексия: «Кім тез ойлайды?»

Үстел үстіндегі заттардың ішінен ойынға шыққан бала Қ дыбысынан басталатын затты таңдап, атын атайды және сол сөзге сөйлем құрайды.

Мысал

Бала «қасықты» алып: «Бұл — қасық. Қасық Қ дыбысынан басталады. Біз қасықпен тамақ ішеміз», — деп сөйлем құрайды.

Сабаққа белсенді қатысқан балалар мадақталады.