Сөз құрамын білу
Қазақ тілі • 5-сынып • Нәтиже (қорытынды) сабақ
Сабақ тақырыбы: «Күз. Сөз құрамы»
Бұл сабақ презентациямен өткізіледі және өткен материалды жүйелі қайталау арқылы лексикалық әрі грамматикалық білімді бекітуге бағытталған. Сабақ барысында оқушылардың сөйлеу дағдылары қалыптастырылады, сөз құрамын талдау дағдылары жетілдіріледі.
Мақсаты
- Өткен тақырыптарды қайталау арқылы лексикалық және грамматикалық білімді бекіту.
- «Күз» тақырыбы аясында ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
- Сөз тіркесі мен сөйлем құрау дағдыларын дамыту.
Міндеттері
- Білімдік: «Күз» тақырыбы бойынша білім қалыптастыру, сауатты жазуға және дұрыс айтуға үйрету, сөз құрамын ажырату.
- Дамытушылық: логикалық ойлауды, танымдық қызығушылықты, шығармашылық белсенділікті дамыту.
- Тәрбиелік: табиғаттың әсемдігін сезінуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу; қазақ тіліне қызығушылықты арттыру; адамгершілік, еңбек, салауаттылық құндылықтарын бекіту.
Сабақ форматы
Түрі: қорытынды қайталау сабағы.
Әдіс-тәсілдер: ойын элементтері, тестілеу, ауызша сынақ, көрнекілік.
Көрнекіліктер: техникалық құралдар, лексикалық және грамматикалық кестелер, тақырыптық суреттер, үлестірмелі материалдар.
Сабақтың күтілетін нәтижелері
Грамматика
Сөз құрамын білу және сөзді құрамына қарай талдай алу.
Лексика
«Күз» тақырыбына қатысты сөздерді меңгеру.
Коммуникация
Сөз тіркесі мен сөйлем құрау, ойды анық жеткізу.
Жалпылау
Материалды толық игеру деңгейін көрсету.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Қазақстан Республикасының әнұранын орындау.
Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау
- Сөз құрамын білу.
- «Күз» тақырыбына қатысты сөздерді меңгеру.
- Сөз тіркесі мен сөйлем құрау.
- Тақырып мазмұнын толық игеру.
II. Өткенді қайталау
1) Грамматикалық қайталау: сөз құрамы
Кесте бойынша негізгі түбір мен туынды түбірді қайталау:
Мысал
көмек → көмек+ші
Мысал
кітап → кітап+хана
Мысал
ас → ас+паз
Тапсырма 1 (дәптермен жұмыс)
Төмендегі түбірлерге жұрнақ жалғап, туынды түбір сөз жасаңыздар:
- біл → біл+ім
- өнер → өнер+паз
- сурет → сурет+ші
- іл → іл+гіш
Тапсырма 2
Төмендегі сөздерді сөз құрамына талдаңыздар:
2) Лексикалық қайталау: сөздікпен жұмыс
Мұғалім сөздердің мағыналарын түсіндіреді және аударады. Оқушылар сөздерді дұрыс айтуға дағдыланады: мұғалім мәнерлеп оқиды, оқушылар қайталайды, тізбекпен оқиды.
Ай — месяц
Қыркүйек — сентябрь
Қазан — октябрь
Қараша — ноябрь
Жемістер — фрукты
Көкөністер — овощи
Жапырақтар — лист
Жаңбыр — дождь
Құстар — птицы
Жидектер — ягоды
Гүлдер — цветы
Сабақ — занятия
Солады — вянут
Сөз тіркесі құрау
Мысал: Жемістер піседі.
Сөйлем құрау
Мысал: Күзде жемістер піседі.
III. Негізгі бөлім: «Даналық ағашы» ойыны (ауызша сынақ)
Оқушылар ұпай деңгейін таңдап, сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар екі бағытта беріледі: грамматика және лексика.
Грамматика
- 10 балл: Сөз құрамы нешеге бөлінеді?
- 15 балл: Түбірдің түрлерін ата.
- 20 балл: Қосымша нешеге бөлінеді?
- 25 балл: «Астық», «егінші» сөздерінен түбір мен қосымшаны анықта.
- 30 балл: «Күз» сөзіне фонетикалық талдау жаса.
Лексика
- 10 балл: Қазір қай жыл мезгілі?
- 15 балл: Бір жылда неше мезгіл бар?
- 20 балл: Күз айлары қандай?
- 25 балл: Күзде ауа райы қандай болады?
- 30 балл: Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Бой сергіту
Тербеледі ағаштар,
Жел бетіме еседі.
Кіп-кішкентай балалар,
Үп-үлкен боп өседі.
Ой сергіту: ойындар
1) «Қайтала» ойыны
Мұғалім тақырып береді (мысалы, «Жемістер»). Оқушылар кезекпен қайталап, тізімді ұзартады: 1-оқушы: алма; 2-оқушы: алма, алмұрт; 3-оқушы: алма, алмұрт, анар; т.с.с.
2) «Сөмкеде не бар?»
- Өзі сары, қышқыл, С дәрумені бар — лимон.
- Қып-қызыл, дәмді, домалақ — алма.
- Жасыл, дәмді, тәтті — жүзім.
IV. Тест жұмысы
Әр партаға тест сұрақтары таратылады. Тапсырмалар оқушының грамматика мен лексика бойынша меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған.
- 1) Сызбаны толтыр: «Қосымша».
-
2) Сөздерді аудар:
Помидор — Капуста — Урюк — Морковь —
-
3) Күз айларын белгіле:
- а) наурыз, сәуір, мамыр
- ә) қыркүйек, қазан, қараша
- б) көктем, күз, жаз
- 4) Сөздерді құрамына қарай талда: еңбекші, астық, жемістер.
-
5) Сөйлемді дұрыс құрастыр:
мезгілінде күз жыл сарғаяды жапырақтар
V. Қорытындылау
Қайталау нәтижесі
- Сөз құрамын білеміз.
- «Күз» тақырыбына қатысты сөздерді меңгердік.
- Сөз тіркесі мен сөйлем құрай аламыз.
Бағалау
Оқушылардың жауаптары ауызша сынақ, ойын және тест нәтижелері арқылы бағаланады.
Сабақтың аяқталуы
Сабақ М. Әлімбаевтың «Алтын күз» өлеңімен қорытындыланады.
Үй тапсырмасы
«Күз» тақырыбына сурет салып, сол сурет бойынша шағын әңгіме құрастырыңыз.