Балықтың жүзбеқанаттарын ата
Балқаш қаласы
Абай атындағы №2 лицей КММ биология пәні мұғалімі, директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары — Садыканова Бикеш Жекенқызы.
Мақсаты
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, БжС технологиясының тиімділігін көрсету және білім сапасын көтеру.
Сабақтың түрі
Жаңа тақырыпты БжС технологиясы арқылы меңгерту.
Сабақтың әдісі
«Ауызша — 1» картасы: жедел сұрау, жауаптарды матрицаға белгілеу.
1) Үй тапсырмасын тексеру: «қилы сұрақ» және матрица
Үй тапсырмасы қысқа, нақты сұрақтар арқылы тексеріліп, әр жауап матрицаға белгіленеді.
1. Жануарлар тіршілігін қамтамасыз ететін аса маңызды әрекет?
Жауап: Қозғалыс.
2. Табанымен бекитін омыртқасыз қандай жануар?
Жауап: Гидра.
3. Гидра неше жолмен қозғала алады?
Жауап: Екі.
4. Ненің денесі ұзарып-жіңішкеріп, қысқарып-жуандай алады?
Жауап: Шұбалшаңның.
5. Қылтандар қайда орналасқан?
Жауап: Дененің алдыңғы бөлігінде, құрсақ жағында, әрбір буылтықта.
6. Шаянның баскөкірек бөлімінде неше жұп мұртша болады?
Жауап: Екі жұп.
7. Шаянның денесі қандай бөлімдерден тұрады?
Жауап: Баскөкірек, құрсақ.
8. Шаянда неше жұп жүретін аяқ болады?
Жауап: 5 жұп.
9. Суда құрсағын алға қаратып, құрсағын баскөкіректің астына бүгіп-жазу арқылы қозғалатын бунақденелі?
Жауап: Шаян.
10. Өрмекшілерде неше жұп аяқ бар?
Жауап: 4 жұп.
11. Өрмекші өрмегі арқылы қалай қозғалады?
Жауап: (Оқушы жауабы).
12. Бунақденелілерде аяқтар жұбы нешеу?
Жауап: Үшеу.
13. Көптеген түрлерінде 2 жұп қанаты болатындар?
Жауап: Бунақденелілер.
14. Кальмар мен сегізаяқ қалай қозғалады?
Жауап: Реактивті тәсілмен.
15. Ұлуда аяқ пен төсемік арасындағы үйкелісті азайтып, қозғалысты жеңілдететін не?
Жауап: Шырыш.
16. Көбелектерде неше жұп қанат бар?
Жауап: Екі.
17. Қанат қандай қызмет атқарады?
Жауап: Ұшу.
18. Шаяндардың құрсақ ұшында құрсақ аяқтарының нешінші жұбы орналасқан?
Жауап: Алтыншы.
19. Құрсақ аяқтарының алтыншы жұбы соңғы бунақпен бірігіп, нені түзеді?
Жауап: Жүзу қанатын.
20. Шұбалшаңдар топырақты қай бөлігімен қазады?
Жауап: Бас бөлігімен.
21. Шұбалшаңды қозғалысқа келтіретін бұлшықеттер?
Жауап: Сақиналы және ұзын салалы.
22. Бунақденелілерде топырақ қазу қызметін аяқ атқара ала ма?
Жауап: Кейбіреулерінде.
23. Бунақденелілердің аяқтары денесінің қай бөлімінде орналасқан?
Жауап: Көкірек бөлімінде.
24. Өзен шаянының денесі неше бөлімнен тұрады?
Жауап: Екі.
2) Жаңа тақырып: тірек сөздер
Есте сақтау уақыты — 1 минут. Ұсынылатын көлем — 13–14 сөз.
Фокус
Терминдер арқылы құрылымды ойлау
- Дене пішіні
- Жүзбеқанат
- Торсылдақ
- Сүйекті қабыршақ
- Алдыңғы аяқ, иық белдеуі
- Бұғана, қарға сүйек, жауырын
- Артқы аяқ, жамбас белдеуі
- Ортан жілік, асықты жілік, табан сүйектері
- Қағушы қауырсындар
- Бағыттаушы қауырсындар
- Беломыртқа, сегізкөз
- Құйрық
- Жамбас сүйегі
- Мықты тірек
3) Жаңа тақырыпты меңгерту: кітаппен жұмыс және сұрақ-жауап
Оқушылар оқулықпен жұмыс жасап, сұрақтарға жауап береді. Нәтижелер матрицаға белгіленеді.
Балықтардың қозғалысы
- Балықтар қайда тіршілік етеді?
- Балықтың қозғалысы қалай жүзеге асады?
- Балықтың денесі немен қапталған?
- Балықтың жүзбеқанаттарын ата.
- Құйрық жүзбеқанатының қызметі қандай?
- Көкірек жүзбеқанаттарының қызметі қандай?
- Құйрықасты жүзбеқанатының қызметі қандай?
- Құрсақ жүзбеқанаттарының қызметі қандай?
- Торсылдақ қандай қызмет атқарады?
- Жүзбежарғақ қандай жануарға тән?
Қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар
- Бақаның алдыңғы аяғы неше бөлімнен тұрады?
- Бөлімдерін ата.
- Артқы аяғы неше бөлімнен тұрады?
- Бөлімдерін ата.
- Кесірткенің қозғалысы қалай жүзеге асады?
- Жыландарда аяқ бола ма?
- Қағушы қауырсындар деген не?
- Бағыттаушы қауырсындардың қызметі қандай?
- Қозғалмайтын байланыс қалай түзіледі?
- Оның атқаратын қызметі қандай?
Тірек-қимыл жүйесі және қозғалыс ұғымы
-
Әр түрдің тірек-қимыл жүйесінің өзіне тән ерекшеліктері қандай?
Балықтар Қосмекенділер Жорғалаушылар Құстар Сүтқоректілер
- Қозғалыс деген не?
4) Сын тұрғысынан ойлау: «Иә / Жоқ»
Пікірлерді бағалау арқылы білімдегі олқылықтар анықталып, жауаптар матрицаға белгіленеді.
Формат
Дұрыс / бұрыс тұжырымдар
- Балықтар тек құрлықта тіршілік етеді.
- Балықтың қозғалысын жүзбеқанаттары қамтамасыз етеді.
- Балықтың денесі сүйекті қабыршақтармен қапталған.
- Балықта екі жұп көкірек және екі жұп құрсақ жүзбеқанаты болады.
- Балықтың жүзбеқанаттары жауынан қорғану қызметін атқарады.
- Торсылдақ барлық балықтарға тән мүше.
- Қосмекенділер тек құрлықта ғана тіршілік етеді.
- Қосмекенділерге екі жұп аяқ тән.
- Қосмекенділердің артқы аяқ саусақтарының арасында жарғақ болады.
- Алдыңғы аяқ — қар, білек, алақан бөлімдерінен тұрады.
- Артқы аяқта — кәрі жілік, асықты жілік, табан сүйектері болады.
- Сүйектер өзара буын арқылы байланысады.
- Кесірткенің алдыңғы аяқтары қысқа, артқы аяқтары ұзын болады.
- Кесірткенің қозғалуына құйрығы көмектеседі.
- Жыландарда аяқ болмайды.
- Құстардың артқы аяқтары қанатқа айналған.
- Қанаттың қалақшасын түзетін ұзын қауырсындар қағушы қауырсындар деп аталады.
- Құйрықтағы ірі қауырсындар бағыттаушы қауырсындар деп аталады.
- Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады.
- Сүтқоректілердің барлығының аяқтары өте қысқа болады.
- Сүтқоректілерге ұшу тән қасиет.
- Сүтқоректілер тек құрлықта ғана тіршілік етеді.
- Құс қанаты мен омыртқалылардың аяқтары құрылысы жағынан ұқсас.
- Құстың қанаты қозғалыс қызметін атқарады.
5) Тақырыптық сөздік қор
Тақырыпқа қатысты негізгі терминдер мен ұғымдар бекітіледі, әр оқушының нәтижесі қысқаша тіркеледі.
6) Қорытынды
Сабақ барысында қозғалыс ұғымы әртүрлі жануарлар топтары бойынша салыстырылып, тірек-қимыл жүйесінің ерекшеліктері жүйеленді. Жедел сұрақтар, тірек сөздер және «Иә/Жоқ» тұжырымдары арқылы білім деңгейі бағаланып, негізгі қателер айқындалды.
7) Уақытқа байланысты түсіндіру және үй тапсырмасы
Қысқаша түсіндіру
Уақытты тиімді пайдалану мақсатында жаңа тақырыптың өзекті тұстары жинақы түрде түсіндіріліп, негізгі терминдер қайта байланыстырылды.
Үйге тапсырма
Омыртқалы жануарлардың қозғалуы.