Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық

Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық

Бұл сабақта бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыс ұғымдарын қайталап, орташа жылдамдықты есептеу тәсілін жүйелейміз. Төмендегі сұрақтар топтық талқылауға арналған.

І топ — Миға шабуыл

  1. Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз не?
  2. Қозғалыс жылдамдығы мен уақыт белгілі болса, жүрілген жолды қалай анықтаймыз?
  3. Жылдамдықтың өлшем бірлігі қандай?
  4. Гелиоцентрлік теория дегеніміз не?
  5. «Планета» сөзінің мағынасы қандай?
  6. 1 км неше метрге тең?

ІІ топ — Миға шабуыл

  1. Бірқалыпты емес қозғалыс дегеніміз не?
  2. Күнге ең жақын планета қайсы?
  3. Жүрілген жол мен жылдамдық белгілі болса, уақытты қалай табамыз?
  4. Геоцентрлік көзқарас дегеніміз не?
  5. 1 сағат неше секундқа тең?
  6. Траектория дегеніміз не?

ІІІ топ — Миға шабуыл

  1. Жылдамдық дегеніміз не?
  2. Зодиак белдеуінде неше шоқжұлдыз бар?
  3. Жылдамдықтың халықаралық бірліктер жүйесіндегі (SI) өлшем бірлігі қандай?
  4. Материялық нүкте деп нені айтамыз?
  5. Мензурка нені өлшейді?
  6. Әлемнің центрінде не орналасқан?