Қаңтар тобы

Тақырыбы: «Армысың, қыс қонақ!»

Бұл сабақ қыс мезгілі туралы түсінікті кеңейтуге, табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқап, ажырата білуге үйретуге бағытталған. Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін жан-жақты дамыту, сөздік қорын молайту көзделеді.

Мақсаты

  • Балаларға қыс мезгілі туралы мағлұмат беру.
  • Табиғаттағы жыл мезгілдерінің өзгерістерін бақылауға және байқағыштыққа тәрбиелеу.
  • Ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту, сөз байлығын арттыру.

Сабақтың барысы

Кіріспе: жұмбақ

Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып,
Сырғып жастар ойнайды.

Кейде ұлып, кейде ысқырып,
Ұйтқып боран соғады.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады?

Жауабы: Қыс

Сұрақ-жауап арқылы бекіту

Мұғалім:

Балалар, айналаға қараңдаршы: қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:

Қыс.

Мұғалім:

Оны табиғаттың қандай белгілерінен байқадыңдар?

Балалар:

Дала аппақ қарға оранады, терезелерге қырау тұрады.

Мұғалім:

Қыста адамдар не істейді?

Балалар:

Жылы киінеміз, шанамен ойнаймыз, қардан аққала жасаймыз.

Мұғалім:

Ендеше, қыс туралы білетін тақпақтарыңды, өлеңдеріңді ортаға салыңдар.

Сабақ форматы: ойын түріндегі сабақ

Бүгінгі сабағымыз ерекше: тапсырмалар ойын түрінде өтеді. Ол үшін екі топқа бөлінеміз. Алдымен қыс мезгілінің айларын атап өтейік: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

1-топ

«Қаңтар» тобы

2-топ

«Ақпан» тобы

Ойын кезеңдері

  1. 1 Ұран айту.
  2. 2 Қыс туралы тақпақ айту.
  3. 3 Сұрақтарға жауап беру.
  4. 4 Дыбыстық талдау жасау.
  5. 5 Жұмбақ шешу.
  6. 6 Мақал-мәтелдің жалғасын табу.
  7. 7 Сурет бойынша әңгіме құрау.
  8. 8 Сурет салу.
  9. 9 Өз өнерін көрсету.

Келесі қадам:

1-кезең — «Ұран».