Топтаса отырып ақынның повесін талдау

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы

Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі (слайд арқылы).

Сабақтың мақсаты

  • Автордың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет алу.
  • Повесті оқу арқылы мазмұнын түсіну.
  • Топтық жұмыс барысында повесті талдау.
  • Алған білімді жинақтау.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

  • «Сұрақты қағып ал» әдісі
  • «Миға шабуыл» әдісі
  • Зерттеу әдісі
  • Рөлдік ойын
  • Синквейн әдісі
  • Сөзжұмбақ шешу
  • INSERT әдісі

Сабақтың мазмұны мен ұйымдастырылуы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралдарын түгендеу.
  • Психологиялық жағымды атмосфера қалыптастыру.
  • «Екі тілек, бір жұлдыз» әдісі бойынша оқушылар бір-біріне жақсы сөз немесе тілек айтады.
  • Оқушылар 3 топқа бөлінеді: «Астана», «Қыран», «Жас қыран».

Үй тапсырмасын пысықтау

«Сұрақты қағып ал» және «Миға шабуыл» әдістері арқылы үш топ оқушылары бір-біріне 3 сұрақтан қояды.

Жаңа сабаққа кіріспе

Сабақтың тақырыбы оқушыларға бағыттаушы (түрткі) сұрақтар қою арқылы ашылады.