Манастың балалық шағы
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Жырдың мазмұнын талдап, оның ауыз әдебиетіндегі батырлар жырымен ұқсастықтарын түсіндіру.
Дамытушылық
Ой-өрісті кеңейту, ойлау белсенділігін арттыру, сөйлеу шеберлігін және тіл мәдениетін дамыту; шығармашылық ізденіске баулу.
Тәрбиелік
Оқушыларды елін, жерін сүюге, адамгершілікке баулу; адалдық пен еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Кезекшінің мәлімдемесі.
- Журнал бойынша түгелдеу.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Д. Исабековтің «Ата үміті» хикаятын еске түсіріп, адамгершілік туралы ой-пікірлерді ортаға салу.
3) Жаңа сабақ: «Манас» дастаны және «Манастың балалық шағы»
«Манас» дастаны — қырғыз халқының дәстүрлі эпосы, ауыз әдебиетінің көрнекті үлгісі. Ол ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жырланып, халық жадында сақталып келеді.
Эпостың құрылымы
- «Манас» жыры
- Манастың ұлы Семетей жыры
- Манастың немересі Сейтек жыры
Дастанның өзекті тақырыбы — қытай мен қалмақ жауларына қарсы шайқастар. Бұл мұра тек қырғыз халқының ғана емес, күллі түркі халықтарының тарихы мен салт-дәстүрі туралы мол мағлұмат беретін энциклопедиялық туынды ретінде бағаланады. Онда қазақ тарихына қатысты оқиғалар да кеңінен қамтылады.
Алып жырдың көркемдік табиғатына қазақтың ғұламалары Шоқан Уәлиханов пен Мұхтар Әуезов ерекше назар аударып, оның алғашқы зерттеушілерінің қатарынан орын алды.
Манас бейнесі
Эпоста Манас — оқ өтпейтін, қылыш кесіп өтпейтін қайсар батыр, қара қылды қақ жарған әділ хан.
Жырда Манастың қасында Ақбалта, Ажыбай, Сырғақ, Шуақ, Бақай, Алмамбет, Ер Көкше секілді батырлардың ерлігі де айрықша дәріптеледі.
Манастың анасы — Чиырды, ал жары — ақылы мен ажары жарасқан Қаныкей.
Эпостық желінің үлгісі
Басталуы
Перзентке зар ата-ана; олардың хал-жағдайы; кейіпкердің төтенше жағдайда дүниеге келуі; жылдам ер жетуі.
Негізгі оқиға
Елін қорғау жолындағы ерлік жорықтар; шапқыншы жаумен шайқас; жеңіске жетіп, ата мекеніне оралу.
Аяқталуы
Жеңіс пен той; тыныш өмір; батырдың ұрпағының дүниеге келуі және оның ерліктерінің жалғасуы.
«Манастың балалық шағы» бөлімінен көрініс
Манас Манас болғалы, Манас әулие атқа қонғалы, оған шақ келер теңдес табылмады. Манас бармақтайынан бақырса, таудағы бұғы біткен үрікті, тоғайдағы жолбарыс қашты. Қызыл шоқты жалаңаяқ басты, үйдей тасты таудан құлатты. Он бестегі баланың қолын ұстағанда, сындыра жаздап жылатты.
Бала үш жасқа келгенде, ел ішінде оған «Жынды» деген ат тағылды.
Тақырыпты жоспар бойынша ашу
- 1 Манастың қырық қырғыз баласымен Алтай тауының баурайына жиналып ойнауы.
- 2 Сегіз жасар Манас бастаған балаларға 80 қалмақтың келуі; оларды бастаған күшті қалмақ баласының қырғыз балаларын кемсітіп, мазақтап, ұрып-соғуы.
- 3 Манастың алғашқы ерлігінің суреттелуі (мәтіннен тауып, оқыту).
- 4 Әкесі Жақыптың Манасқа ұрысуы.
- 5 Қария Ақбалтаның Жақыпқа қайтарған жауабы және Манастан күткен үміті.
- 6 Манастың тұлпары — Айманбоз.
- 7 Манастың жауға шабуы.
- 8 Қанжарқолды өлтіруі.
Сергіту сәті: батырлар туралы мақал-мәтелдер
1. Елін сүйген — ер болар.
2. Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі.
3. Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар.
4. Ерлік білекте емес, жүректе.
Көрнекі материал
Интерактивті тақта арқылы бейнефильм көрсету.
Қорытынды: бес жолды өлең
Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға бес жолды өлең (синквейн) құрастыру ұсынылады:
1-жол
Не?
2-жол
Қандай?
3-жол
Не істеді?
4-жол
Не үшін?
5-жол
Жалпы ойды түйіндеу.
Бағалау және үй тапсырмасы
Оқушыларды бағалау
Жауаптардың мазмұндылығы, салыстыру жасау қабілеті, мәтінмен жұмыс және сөйлеу мәдениеті бойынша бағалау.
Үйге тапсырма
«Манас» жырының балалық шағы бөлімінен үзіндіні жаттау.