Бүгін - ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн

«Сәт сапар саған, Жас түлек!»

Соңғы қоңырау салтанатты жиынының сценарийі

Музыка әуені

Жүргізушілер сахнаға шығады

Кіріспе сөз

I жүргізуші

Тарихы терең қазақ деген көне елде,
Ел белгі де — ерлік, өрлік, өнерде.
Жаһандағы ең жауынгер халықта
«Кім сенеді, ту болмады?» дегенге!

II жүргізуші

Мазмұны мен өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті Туы мәңгі желбіресін, — дей отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру құрметі мектеп бітіруші түлектерге, үлгілі озат оқушыларға, аудандық және облыстық пәндік олимпиадалардың бірнеше мәрте жүлдегерлеріне, республикалық, халықаралық сайыстардың жеңімпаздарына, «Алтын белгіге» үміткер білімпаздарға — __________________ тапсырылады.

I жүргізуші

Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түрікті байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер Әнұран.

II жүргізуші

«Сәт сапар саған, Жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны ашық деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көтерілсін.

Ту көтеріледі, Әнұран орындалады.

Қош келдіңіздер!

I жүргізуші

Армысыздар, ардақты ата-аналар, қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Он бір жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына сіңіріп, ұстазына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектеппен қоштасу мерекесі — соңғы қоңырау салтанатына қош келдіңіздер!

Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, лицейіміздің 34 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.

II жүргізуші

Жас жүректің өмірлік құштары — гүл,
Бағбан-ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

Сынып жетекшілерін таныстыру

11 «А» сынып жетекшісі

Құрметпен: __________________

Қошеметпен ортаға шақырылады

Ойламайтын ертеңін,
Ойсыз кейбір еркені
Түзеп, жөнге салдыңыз,
Ел алғысын алдыңыз.

Сабырыңыз құрыштай,
Жөн айттыңыз ұрыспай.
Түзедіңіз тентекті,
Тұрғызбай-ақ ақ бұрышқа.

Жұмыста ылғи қайсарды,
Көрмейміз мұндай жайсаңды.
Біздің мықты жетекші —
Тойған апай десеңізші!

11 «Б» сынып жетекшісі

Құрметпен: __________________

Қошеметпен ортаға шақырылады

Сыныбының ұйытқысы, анасы,
Барлық шәкірт — ұстаздардың баласы.
Жетістік пен ұйымшылдық арқауы —
Ғалия апай сыныбының данасы.

Шәкірт бар ма ұстазымен мақтанбас?
Бұл — үміті мен жігері тапталмас сынып еді.

Түлектерді ортаға шақыру

II жүргізуші

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға!

Бітіруші түлектер ортаға шақырылады.

Бүгінгі күннің мәні

  • Алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған 11 жылдың мәреге жеткен күні.
  • «Мектебім, ұстазым» деп қимастық кешкен күн.
  • Ата-әже ақ жол тілеп, ақ бата бергісі келетін күн.
  • Әке-шеше «ұлым ер жетті», «қызым бой жетті» деп марқайған күн.
  • Ұстаз жанында шәкірт болып соңғы рет топтасқан күн.
  • Арман қуып алысқа аттанар күн.

II жүргізуші

Бұл күн — мектеп тарихында да, мектеп бітіруші түлектердің есінде де мәңгі өшпейтін күн.

I жүргізуші

Ендеше, сәт сапар, жас түлектер!
Қош айтысып балалық шақ өткеніне,
Қош айтысып сүйікті мектебіне.
Тұғырдан түлеп ұшқан жас қырандар
Аттанып барады өмір көктеміне.

Құттықтау сөздер

II жүргізуші

Білімді шәкірттерін аялаған, жақсылығын ешкімнен аямаған — саялы бақ, жас ұрпақтың жанашыры Ұстаз деген аяулы, ардақты адам.

Өмірде өлшенбейтін іс — балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол — болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік.

Осы мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді ағалық қамқорлығым деп түсінген жанға қимас сәтте өздеріңізге арналған алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры __________________ мырзаға береміз.

Мектеп директоры сөз сөйлейді.

I жүргізуші

Ажырамай мектептен бір елі сіз, жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге — түлектерге арналсын тілегіңіз.

Бүгінгі салтанатты жиынға қатысып отырған Бейнеу ауданының әкімі, __________________ мырзаға, аудандық білім беру бөлімінің басшысы __________________ құрметті қонағымызға құттықтау сөз кезегін береміз.

II жүргізуші

Ұстазсыз шәкірттерге бақ келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Осы бір мектебі үшін жанын салған —
Сөз кезегі ғылыми жетекші, бапкерге.

Сценарий жалғасады: марапаттау, ән-бимен құттықтау, соңғы қоңырау үні және түлектердің қоштасу сәті.