Сүйемін туған жерімді

Отбасы
Отбасы деген ата - ана,
Кіреді оған бала да.
Татулықты сақтайтын
Болады онда ата да.
Беретін жақсы тәрбие,
Үлгі болар әр кезде.
Ертегі айтып бәріне
Отырады әже де.

Ұстаз
Келіп едік мектепке,
Қарсы алды бәрін мұғалім.
Жылы жүзбен күлгенде
Елжірейді жүрегім.
Шын жүрекпен бәріне
Ұстатқызды әліппе.
Ашқызғанда үйрендік
Түрлі - түрлі әріпті.
Баулиды бізді мұғалім
Неше түрлі өнерге.
Асу үшін кәдеге
Берді білім бәріне.

Сүйемін туған жерімді!
Сүйемін туған елімді,
Сүйемін туған жерімді.
Бәрінен де сүйемін,
Қазақ деген тілімді!
Сүйемін мөлдір көлімді,
Сүйемін алтын күнімді,
Бұл дүниеде сүйемін
Мұсылмандық діңімді.
Сүйемін мәңгі өмірді
Қазақпын деп мақтанам,
Туып өскен елімде!

Гүлдер
Жайқалып тұр көп гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Күн бәріне шуақ берер
Бір - бірінен кем түспер,
Ғажап гүлдер, шоқ гүлдер.
Қырдағы көркем ақ гүлдер.
Мейірленсе, жылы күн,
Бастарын бәрі көтерер.

Нан
Нан қиқымын баспайық,
Жақсылықтан қашпайық.
Нан ұнтағын көрсеңіз,
Торғайларға тастайық!
Еңбек нәрін ақтайық.
Диқанға рақмет айтайық!
Нан қадірін түсініп,
Есте мәңгі сақтайық!

Жеңіс күні
Жеңіс күні әкелді ғажап шаттық,
Сол күні бәрімізде қуанып жаттық.
Жеңгеніміз әрине батырлардың
Соншама еңбегінен туған бақыт.
Ризамын сондықтан да осы күнге,
Тыныштықта өтіп жатқан мына өмірге.
Бәріміз ата - баба ұрпағымыз
Аманатын бабаның қорғаудамыз.

Ана тілім
Ана тілім – абыройым, жүрегім,
Ана тілім – мәңгі бақи тірегім.
Ана тілім – діңім менің серігім
Ана тілім – ардақтайтын өз елім!
Ана тілім – менің асыл ниетім,
Ана тілім – өмірдегі көктемім.
Бұл дүниеде ана тілді білгендер,
Нағыз қазақ деп айтуға дөп келер.



Ұқсас жұмыстар

Туған өлкенің бейнесі
Туған жерім тұғырым
Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы кейіпкерлердің сипаттамасы
Мен туған елімді сүйемін!
Шымкент мұражайлары
Жасампаз қалам – Жамбылым
Ж.Молдағалиев
Шығармаларға әлеуметтік талдау
Туған жердің құдіреттілігі
Көркем шығарманы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негізін жасау
СҮЙІНІШҰЛЫ ҚАЗТУҒАН
Саурық батырдың туған ағасы
Туған өлке жырында
Менің туған жерім - Казталов ауданы
Жәнібек Бердәулетұлы (туған жылы белгісіз - 1792) - батыр, шешен
Шатақ Есенбайұлы (туған - өлген жылы белгісіз) - батыр
Туған жер - ол әрбір адамның кіндік қаны тамған қасиетті мекен
Жазушы, драматург, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған
Сүйем туған тілімді
Өзіндік тарихы бар туған қаламның бүгінгі көрініс көз тартарлық