Жұмбақтар сайысы

Жас физиктер сайысы (8-сынып)

Бұл сайыста физика пәнінен алған білімімізді ортаға салып, ең жүйріктеріміз оза шығады. Үш топқа бөлініп, электр құбылыстарын толық қайталаймыз, тәжірибе алмасамыз және әр кезеңде білімімізді дәлелдейміз.

Топ: Ньютон

  • Тілек — талапты
  • Заманбек — зиялы

Топ: Архимед

  • Есет — екпінді
  • Қадыржан — қайратты

Топ: Коперник

  • Шаяхмет — шабытты
  • Гүлжанар — гүлдей

1) Таныстыру

Әр топ өз атауын, ұранын және мүшелерін қысқа әрі әсерлі таныстырады. Мақсат — команда рухын көрсету және сайысқа дайындық деңгейін аңғарту.

2) Жекпе-жек: формула жазу

Берілген тақырыптар бойынша негізгі формулаларды жылдам әрі дұрыс жазу кезеңі.

Нақыл сөз

«Ақылдассаң — шешерсің, ақылдаспасаң — кем кесерсің.»

3) Бәйге: жылдам сұрақтар

Әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Дәлдік пен жылдамдық бірдей бағаланады.

Ньютон тобы

  1. Физика пәні нені оқытады?
  2. Жылу берілуінің неше түрі бар?
  3. Тығыздық қандай әріппен белгіленеді?
  4. Деформация дегеніміз не?
  5. Броундық қозғалыс дегеніміз не?
  6. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы дегеніміз не?
  7. Джоуль–Ленц заңының тұжырымы.
  8. Ауаның ылғалдылығын анықтайтын құрал.
  9. Атомның планетарлық моделін жасаған кім?
  10. Тізбектей жалғағанда қандай шама тұрақты болады?

Архимед тобы

  1. Физиканың бірінші ұстазы кім?
  2. Ішкі энергияны өзгертудің неше тәсілі бар?
  3. Күш қандай әріппен белгіленеді?
  4. Диффузия дегеніміз не?
  5. Жылулық қозғалыс дегеніміз не?
  6. Отынның жану жылуы дегеніміз не?
  7. Паскаль заңының тұжырымы.
  8. Вольтметр қандай шаманы өлшейді?
  9. Нүктелік зарядтар арасындағы күшті анықтаған ғалым кім?
  10. Параллель жалғағанда қандай шама тұрақты болады?

Коперник тобы

  1. Термодинамика нені зерттейді?
  2. Кернеу қандай әріппен белгіленеді?
  3. Термодинамиканың неше заңы бар?
  4. Конденсация дегеніміз не?
  5. Ішкі энергия дегеніміз не?
  6. Балқу жылуы дегеніміз не?
  7. Ом заңының тұжырымы.
  8. Электр зарядын анықтайтын құрал қалай аталады?
  9. Сұйыққа батырылған денеге әсер ететін кері итеруші күшті анықтаған ғалым кім?
  10. Электр шамында қандай өткізгіш қолданылады?

4) Полиглот

Қазіргі кезде бір ғана тілді емес, бірнеше тілді білу маңызды. Сондықтан келесі кезең — «Полиглот». Сұрақтың жауабын тауып, қазақша атауын орысша және ағылшыншаға аударып айту керек.

Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде
Көлем
Қысым
Температура
Ауа
Қатты
Күш

5) Кім жылдам? Жұмбақтар сайысы

Ой ұшқырлығы мен логиканы тексеретін кезең. Жауап қысқа да нақты болуы керек.

  1. Суға батпайды, отқа жанбайды.
  2. Көзіңмен көресің, қолыңмен ұстай алмайсың. Ол не?
  3. Мөлдіреген жүзімді, ұстап едім езілді. Ол не?
  4. Айнымайды шыныдан, қорқады тек жылыдан.
  5. Егер ыдыстағы суды ішіп қойсаң, ыдыста не қалады?
  6. Елеуішпен су әкелуге бола ма?
  7. Ашық ыдыстағы су неге азаяды?
  8. Кім барлық тілде сөйлей алады?

6) Алғырлар сайысы: мақалдың мағынасы

«Білімділікке дүние жарық, білімсізге күн кәріп.» Осы сияқты мақал-мәтелдердің мән-мағынасын физика тілімен екі сөзбен жеткізу.

7) Ойын: физикалық мағынаны түсіндіру

Бұл ойын үш топқа бірдей беріледі. Әр тапсырмада төрт пәнге қатысты ұғымдар кездеседі. Берілген сөздердің физикалық мағынасын үш сөзбен түсіндіру қажет.