Ұйымдастыру кезеңі оқушыларды түгендеу

6-сынып / Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сөз таптары. Зат есім

Бұл сабақта сөз таптарының ішіндегі негізгі ұғымдардың бірі — зат есім қарастырылады. Оқушылар зат есімнің жалпы есім және жалқы есім түрлерін ажыратып, сөйлем ішінен сұрақ қою арқылы тез табуға машықтанады.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік

    Сөз таптары туралы, соның ішінде зат есім және зат есімнің жалпы есім, жалқы есім түрлері туралы білімді тереңдету.

  • Дамытушылық

    Бастауыш сыныпта меңгерген білімге сүйене отырып, зат есім туралы түсінікті дамыту; сауатты жазу мен мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру; оқушылардың белсенді ойлау әрекетін жандандыру.

  • Тәрбиелік

    Қазақ тілінің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіру арқылы тілдік-эстетикалық талғамды тәрбиелеу және тұлғалық қасиеттерді дамыту.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар зат есімнің грамматикалық категорияларын толық меңгереді және сөйлем ішіндегі зат есімдерді сұрақ қою арқылы тез анықтай алады.

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, ағылшын тілі

Әдістер

Түсіндіру, ізденіс, сұрақ-жауап, талдау

Көрнекіліктер

Слайдтар, сызба-нұсқа, тақырыптық кесте-плакат, оқулық

Сабақтың өту барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Ескерту

Сабақ тікелей эфир форматында өтеді. Мектебімізде 21 қыркүйектен бастап Қазақстан халқының Тілдер фестивалі аясында үш тілде сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылып, ашық сабақтар өткізілуде.

Кіріспе сөз

Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгін біз үш тілде оқыту идеясының маңызын атап өтіп, негізгі тақырыбымызға көшеміз.

Көптілді оқытудың мәні

Көптілді оқыту — жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін дамуына жол ашатын, әлемдік ғылымға бойлап, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқытудың негізгі мақсаты — бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны қалыптастыру.

Дәйексөз

«Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі».

Нұрсұлтан Назарбаев

Сонымен қатар: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді», — деген пікір айтылған.

Бүгінгі сабақта «Сөз таптары. Зат есім» тақырыбы бойынша жұмыс жасаймыз.

Теориялық негіз: морфология

Тіл білімінің бір саласы — морфология. Морфология (гр. morf — «түр, тұлға», logos — «сөз, ілім») — дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын қарастыратын, грамматикалық сөз тұлғаларының қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының саласы.