Сұрақ - жауап арқылы балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту

Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, «Қарлығаш» балабақшасы. Тәрбиеші: Магданова Гүлмира Айдарбековна.

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған технологиялық карта төменде берілген. Материалдың мақсаты — балалардың үй жануарлары мен олардың төлдері туралы сөздік қорын байытып, сұрақ-жауап арқылы ауызекі сөйлеуін дамыту және жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Білім беру саласы

Қатынас

Бөлімі

Тіл дамыту

Тақырыбы

Ерке төлдер (жануарлардың суреттері бойынша әңгіме құрастыру)

Мақсаты

  • Тәрбиешінің көмегімен үй жануарлары туралы қысқа әңгіме құрастыруға үйрету.
  • Жануар төлдерінің атауларын жекеше және көпше түрде дұрыс айтуға дағдыландыру (мысалы: құлыншақ — құлыншақтар, ботақан — ботақандар).
  • Сұрақ-жауап арқылы балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
  • Үй жануарларына қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру Әңгімелеу Ойын жаттығулары СТО әдісі

Көрнекілігі

№7 демонстрациялық материал: үй жануарлары мен олардың төлдерінің суреттері.

Сөздік жұмыс

Үй жануарлары, түйе, бота, жылқы, құлыншақ, сиыр, бұзау.

Билингвальды компонент

Үй жануарлары
домашние животные
Түйе
верблюд
Бота
верблюжонок
Жылқы
лошадь
Құлыншақ
жеребёнок

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Шаттық шеңбері

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.

Сұрақтар:

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күз мезгілінде неше ай бар?
  • Айлардың аттарын атап беріңдерші.
  • Күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар? (слайд 1)

Ғажайып сәт

Қошақанның дауысы естіледі.

Тәрбиеші: Балалар, бұл ненің дауысы?

Балалардың жауабы: Бұл — қозының дауысы.

Дұрыс айтасыңдар. Ендеше, қозыға арнап қошақан туралы өлең оқып берейін.

Өлең:

Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?

Шөре, шөре, лағым,
Тентек болма, шырағым,
Секеңдемей деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.

Сұрақ: Өлеңде қай төлдер туралы айтылған?