Мұқағали МақатаевКүн ауысып барады түнге қарай, Шығыста - кеш, Батысқа - кірген арай

Мұқағали Мақатаев

Күн ауысып барады түнге қарай,
Шығыста - кеш, Батысқа - кірген арай.
Күн шыққан жерден әркез түн келеді,
Маған солай, білмеймін, кімге қалай.
Соңғы шоғын сөндіріп арайлаған,
Күн кетті, тіршілікке қарайлаған.
Ай туды, нұрсыз да емес, нұрлы да емес,
Шашырап өлі сәуле шар айнадан.
Аспан да абыр - сабыр шамын жағып,
Құс жолы да төселді сағымданып.
Бар дүние тұрғандай дамыл бағып,
Тауым қалғып, ойымда бағым қалғып.
Түн мені күйзелтеді жынды қылып,
Бақты басып жатқандай, гүлді жұлып.
Күміс қанаг бір құсқа мініп алып,
Кетсем бе екен артынан күнді қуып.
Heгe мен үрейленем түнге қарай,
Маған солай, білмеймін, кімге қалай.
Күнде - өмір, түнде - дамыл, түсінбеймін,
Мойнымды бұрсам екен кімге қарай?!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора
Мұқағали Мақатаев жайында
Материктердіц физикалық географиясы
Қазіргі қазақ поэзиясындағы формалық ізденістер
Өлеңге орын табам
Жұматай Жақыпбаев шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері
Табиғат лирикасының қазақ әдебиетіндегі көріністері
Мұқағали поэзиясындағы ішкі сезім иірімдері
Түс көрудің поэзиядағы рөлі
Райымбек батыр
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы
Инфрақұрылым кешенінің құрамы
Бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы.
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары.
КЭШ
Қазақстанның аграрлық өнеркәсіп кешені және машина жасау өнеркәсібі
Агроөнеркәсіп кешені туралы
Мұнай-химия кешені туралы
Химия кешенінің Қазақстандағы болашағы туралы