Ұйымдастырушылық кезең Оқушыларды сайысқа шақыру

«Озық ойлы тапқырлар» физика–информатикалық сайысы (презентациямен)

Бұл сайыс оқушылардың білімін тереңдетіп, ойлау шапшаңдығын арттыруға және командалық рухты нығайтуға бағытталған.

Физика Информатика Презентация Сайыс

Білімділік мақсаты

Оқушылардың білімін, тапқырлығын, ой ұшқырлығын, ақыл-ой жылдамдығын, сөздік қорын және тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты

Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке және өзара қолдауға тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты

Сайыс арқылы баланың оқығанын, естігенін, көргенін есте сақтау қабілетін қалыптастыру және нығайту, білімге құштарлығын арттыру.

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Презентация
  • Компьютер

Сайыстың жүру барысы

I. Ұйымдастырушылық кезең

  • Оқушыларды сайысқа шақыру.

II. Сайысты өткізу

  • Бағдарламамен таныстыру.
  • Әділқазылар алқасымен таныстыру.
  • Сайысты өткізу.
  • Әділқазылар қорытындысын жариялау.

Жүргізушілер сөзі

І жүргізуші

Құтқарып ауыр бейнеттен,

Техниканы үйреткен,

Роботтай адамды

Тіл бітіріп сөйлеткен —

Компьютер емес немене?

Білмегенді білдірген,

Өлшеп киім кигізген,

Барлық істі атқарып,

Пайдасын елге тигізген —

Компьютер емес немене?

Бәріңіз маған қараңыз!

Ойынымызды бастайық,

Алуан түрлі ойларды

Ортамызға тастайық.

Информатика пәнінен

Көрсетейік батырлық,

Ой толғайық жүйелі,

Таңдайымызға татырлық.

ІІ жүргізуші

Ойын толқын — айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқандай асып-тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

І жүргізуші

Жылдан-жылға оқу салған ой-арнаң

Талапкердің толқынымен тулайды.

Сусындалып ғылым шыңының басында,

Сұңқар болып білімпаздар шулайды.

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәдеге шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Ендеше, әділқазылар алқасының мүшелерімен танысайық:

  • Жұма апай

    Физика пәні мұғалімі

  • Нұргүл апай

    Информатика пәні мұғалімі

  • Шынар апай

    Ағылшын пәні мұғалімі

ІІ жүргізуші

Көңілді тапқыштар, білгіштер,

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Ал енді сайысқа қатысушы оқушылармен танысайық.