Төрге шығыңыз ата
Сабақ туралы мәлімет
Мекеме
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №13 бала-бақша
Пән мұғалімі
Қазақ тілі мұғалімі: Ахтямова Жанат Уалиевна
Тақырып
Қазақ халқының салты бойынша қонақ күту
Мақсаты
- Балаларға қазақ халқының дәстүрі мен тұрмысы туралы түсінік беру.
- Қазақ халқының ұлттық киімдері мен ыдыс-аяқтары туралы білімдерін толықтыру және қорытындылау.
- Диалогтағы сөздерді дұрыс қолдануды, сондай-ақ ұлттық ыдыс-аяқ пен киім атауларын үйрету арқылы сөздік қорын дамыту.
- Қазақ халқының дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар
- киіз үй
- көрпешелер
- дастархан
- ыдыс-аяқтар
- ұлттық тағамдар
Сабақ барысы: «Қонақ күту»
Көрініс
Төрде ұлттық киім киген ата мен әже, жанында бірнеше бала отырады. Жүргізуші балаларды қарсы алып, «Қонақ күту» ойынын бастайды.
Жүргізушінің кіріспе сөзі
— Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біз «Қонақ күту» ойынын ойнаймыз, бірақ қонақты қазақ халқының дәстүрі бойынша күтеміз.
— Қараңдаршы, қонақтарымыз қалай киінген. Ендеше киімдерді қазақша атайық.
Амандасу әдебі
Бүгін бізге құдайы қонақтар келеді. Ата-әже немерелерін ертіп кіргенде, балалардың амандасу үлгісіне назар аударамыз:
Ер кісімен (атамен)
— Ассалаумағалейкум!
Әйел кісімен (әжемен)
— Сәлеметсіз бе?
Құрдастармен
— Сәлем!
Төрге шақыру және жайғасу
Үй иесі қонақты үйге шақырып, ең төрге атаны отырғызады. Қасына әже, жан-жағына немерелері жайғасады.
Үй иесінің сөзі
- — Төрге шығыңыз, ата!
- — Төрге шығыңыз, әже!
- — Төрге шық, Оля!
- — Төрге шық, Дима!
Әңгіме-дүкен (шағын диалог)
— Денсаулығың қалай?
— Қал қалай?
— Денсаулығым жақсы.
Үй иесі қонақтардың алыс жолдан келгенін айтып, дастарханға дайындық басталатынын хабарлайды.
Қолға су құю рәсімі
Дастархан жайылмас бұрын үй иесінің немересі қолына леген ұстап, шәйнекпен су құяды, иығына сүлгі іледі. Әуелі қонақ атаға, кейін қонақ әжеге, одан соң үй иелеріне және үлкендерден кейін балаларға су құйылады. Қол сүрткен соң, қонақтар алғыс айтады.
Ата
— Рахмет, балам! Өркенің өссін!
Әже
— Рахмет, балам! Үлкен жігіт бол!
Дастархан жаю
Әже мен немере қыз дастархан жаяды. Ең алдымен нан қойылады, кейін түрлі тәтті тағамдар жайылады.
Қолданылатын тіркестер
- — Маған шай керек.
- — Маған бауырсақ беріңізші.
- — Маған шай құйыңызшы.
- — Рахмет.
Ыдыс-аяқ атаулары
Үй иесінің ыдыстарына назар аударып, атауларын қайталаймыз:
-
Ыдыс
әдемі кесе
-
Ыдыс
әдемі шәйнек
Бата беру
Шай ішіп болған соң ыдыстар жиналып, дастарханның орны сақталады. Қонақтың үлкені — ата — бата береді. Бата — дастарханға ризашылық білдіру, молшылық тілеу.
Атаның батасы
— Асыңа — асыңа береке берсін, басыңа!
— Денсаулықтарың мол болсын.
— Денсаулықтарың қуанышқа ұласа берсін!
— Аспандарың ашық болсын!
— Аллаһу акбар.Осы тілек қабыл болсын деп балалар да алақандарын жайып, беттерін сипайды.
Ән мен ойын
Дастархан жиналғаннан кейін көңіл көтеру үшін ән айтылып, ұлттық ойындар ойналады.
Әндер
- «Қуаныш»
- «Дастархан»
Ұлттық ойындар
- теңге алу
- сақина салу
Қоштасу
Қонақтарды шығарып салатын кез келгенде, балалар бірге қоштасады.
— Сау болыңыздар! Тағы келіңіздер!
Қорытынды сөз
Бүгін біз қазақ халқының дәстүрі бойынша қонақ күту салтымен таныстық. Сендерге ұнады ма? Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!