Ойыншықтар сыры
Сабақтың тақырыбы
«Ойыншықтар сыры»
Сабақтың мақсаты
- Ойыншықтар туралы түсінікті кеңейту арқылы балалардың сөздік қорын дамыту, дыбыстық мәдениетін қалыптастыру.
- Өлең мен тақпақ арқылы ойлау қабілетін арттыру.
- Ойыншықтарға деген жылы сезімді ояту, қамқорлыққа баулу.
Көрнекіліктер
- Түрлі ойыншықтар
- Үнтаспа (әуен)
- Күн сәулесі бейнесі (қалташалары бар)
Сабақ барысы
1) Амандасу және көңіл күй қалыптастыру
Тәрбиеші: Балалар, бәрің маған қараңдаршы. Бәрің қандай әдемі болып кетіпсіңдер! Қонақтармен амандасайық.
Тәрбиеші: Бізге келген қонақтар қандай балалар?
Балалар: Сұлу, әдемі, әсем, т.б.
Тәрбиеші: Өте жақсы! Ендеше қонақтарға өлең айтып берейік.
Өлең
Жүрісіңнен жаңылма, топ-топ, топ-топ, топ-топ.
Жылдамырақ адымда, топ-топ, топ-топ, топ-топ.
Шапалақта алақан, тақ-тақ, тақ-тақ, тақ-тақ.
Тездет енді, балақай, тақ-тақ, тақ-тақ, тақ-тақ.
2) Қонақ кейіпкердің келуі: Күлдірген
Осы кезде әсем әуенмен Күлдірген кіреді.
Күлдірген: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Күлдірген!
Күлдірген: Аттарың кім? Жастарың нешеде?
Балалар: Үштеміз.
Күлдірген: Қандай керемет! Мен — сиқыршымын. Балаларға бір ғажайып көрсетейін бе?
Тәрбиеші: Балалар, Күлдіргеннің кереметін көрейік пе?
Балалар: Иә, көрейік!
Жерде беті жабулы, түрлі-түсті қалташалары бар күн сәулесі бейнесі жатады. Әр қалташада әдемі ойыншықтар жасырылған.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы! Қандай әсем күн сәулесі бізге нұрын шашып тұр. Күлдірген, сен неткен керемет сиқыршысың!
Тәрбиеші: Ендеше қалташаларды ашып көрейік.
Балалар әрқайсысы өз қалташасының жанына отырады.
3) «Сиқырлы қалташалар»: ойыншықтармен танысу
Әр қалташа ашылған сайын бала ойыншықты таныстырып, дыбысын айтып, қысқаша сипаттайды.
1-қалташа
Аю
Саяра: Мынау — аю. Ол жұмсақ, түсі қоңыр. Қорбаң-қорбаң етіп жүреді. Тақпақ айтамын.
2-қалташа
Сиыр
Әдемі: Сиыр «мө-мө» дейді (2 рет қайталайды). Сиыр сүт береді, ет береді. Тақпақ айтамын.
3-қалташа
Қоян
Гүлім: Мынау — қоян. Мен қоянды ұнатамын. Құлағы ұзын, сәбізді жақсы көреді. Қоян туралы тақпақ айтамын.
4-қалташа
Қой
Камила: Түсі ақ, «бә-бә» дейді. Жүнінен киім тоқиды. Тақпақ айтамын.
5-қалташа
Түлкі
Балжан: Мынау — түлкі. Ол өте қу әрі айлакер. Көп ертегілердің кейіпкері. Бұлғаң-бұлғаң етіп жүреді (көрсетеді).
6-қалташа
Ит
Асылжан: Ит — адамның досы. Үй күзетеді. Ит «аф-аф» және «р-р» дейді (қайталау).
7-қалташа
Түйе
Құдайберген: Мынау — түйе. Түйенің сүтін шұбат дейді. «бө-бө» дейді. Тақпақ айтамын.
8-қалташа
Жылқы
Жылқы «ио-ио» дейді. Құлын туралы тақпақ айтылады.
9-қалташа
Тышқан
Нұрай: Тышқан «пи-пи» дейді (қайталау). Түсі сұр, өзі кіп-кішкентай. Мысықтан қорқады. Тақпақ айтамын.
10-қалташа
Мысық
Жұлдыз: Мен мысықты жақсы көремін. Түсі ақ, сүт ішеді. Мысық туралы тақпақ айтамын.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Жануарлар туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер.
4) Қоштасу және сергіту сәті
Күлдірген: Балалар, мен енді қоштасайын. Мені басқа да балақайлар күтіп отыр. Оларға да ғажайыптарымды көрсетуім керек. Сау болыңдар, келесі кездескенше!
Балалар: Сау болыңыз!
Тәрбиеші: Балақайлар, шаршап қалған сияқтысыңдар. Кішкене серігіп алайық. Кәне, жақындаңдар.
Сергіту сәті
Жел уледі: у-у-у.
Боран соқты: зу-зу-зу.
Қатты-қатты жел соқты: гу-гу-гу.
Жапырақтар қол соқты: ду-ду-ду.
Шыдай алмай жапырақтар: ах-ах-ах деді.
Билеп кетті, қалтырап: тоқ-тоқ.
Тәрбиеші: Кішкене серігіп, көңіл күйімізді көтеріп алдық. Енді сабағымызды жалғастырайық.
5) Ойын және ән
Тәрбиеші: Осы сабаққа байланысты бір ойын ойнайық. Ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Иә!
Қимылды ойын
«Мысық пен тышқандар»
Ән
Тәрбиеші: Кәне, балалар, ойыншықтарыңды қолдарыңа алыңдар. Ойыншықтарға арнап ән айтайық.
«Ойыншықтар әні»
6) Қорытынды және қайталау
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Ендеше жануарлардың дыбыстарын тағы бір қайталайық.
Сиыр
«мө-мө-мө»
Қозы
«бә-бә-бә»
Ит
«аф-аф-аф», «р-р-р»
Түйе
«бө-бө-бө»
Жылқы
«ио-ио-ио-ио»
Тышқан
«пи-пи-пи»
Мысық
«мияу-мияу, мияу-мияу»
Тәрбиеші: Өте жақсы, балалар! Сабақта ойыншықтар туралы өлең-тақпақ айттыңдар, ойын ойнадыңдар. Сендерге көп-көп рахмет!
Осымен бүгінгі ашық сабағымыз аяқталды. Қонақтармен қоштасайық.
Балалар: Сау болыңыздар, келесі кездескенше!