МӘҢГІ ЖЕҢІС және БАРЛЫҚ УАҚЫТША ЖЕҢІСТЕР
Мұхтар Шаханов
Уақытша жеңістер
Икрам Адырбековке
Ғасыр буаз болмаса да әділдікке желіндеп,
Қай кезде де Жеңіс даңқы екі топқа бөлінбек:
МӘҢГІ ЖЕҢІС және БАРЛЫҚ УАҚЫТША ЖЕҢІСТЕР .
Күш жоқ осы заңдылықты тайдыра алар өрістен.
Уақытша жеңістердің уақытша бағы бар,
Бар тіршілік кейде тіпті уақытшаға бағынар,
Жеңімпаздың мойнына алтын алқа тағылар,
Жағымпаздар жамыраса теңеу таппай сабылар.
Әркез бұған елікпейтін қайсар тұлға табылар,
Сол тұлғаны түзеу үшін уақытшалар жабылар...
Дантес жеңдім деп ойлады
Пушкинді атып құлатып,
Бірақ оңбай жеңілгенін дәлелдеді уақыт.
Оразбайлар жеңдік деді Абайды ұрып, сұлатып,
Олардың да ұтылғанын әйгіледі уақыт.
Қарсыластар қылышынан өр Махамбет өлді де,
Нәтижеде, қара күштер ұлы ақынды жеңді ме?
Жан шындығы қамалғанмен зұлымдықтың торында,
МӘҢГІ ЖЕҢІС қалып қойды Махамбеттің қолында!
Шыншыл, асау тағдырым бар пенделікпен тебіскен,
Сақта, Құдай, мені барлық уақытша жеңістен.
Кеңейтуге жол ашпаса әділдіктің өрісін,
Уақытша билік пен даңқ неге қажет мен үшін?
Бір бақшада өссін, мейлі, Бәйтерек пен Асқабақ,
Менің бағым — Асқабақты күндемейтін басқа бақ.
Менің бағым — елдік, ұлттық мүддеменен өрілген,
Сондықтан да ұлтпен бірге өлу даңқы берілген...
Рухсызға жеңіс жолы тым оңай боп көрінбек,
Бәлкім, маған тас атқанның бәрі ертең жеңілмек...
Бұл ізгілік ағыс күшін ұқпаған бар, ұққан бар,
Ал ұққандар, негізінен, пенделігін жыққандар.
Пенделігін жыққан жандар — Рух тауға шыққандар,
Оларға риза Махамбеттер, Абай, Мағжан, Мұхтарлар.
«Аңырақай», «Орбұлақ» және өзге де шайқастар
Жалаңтөс пен Жәңгір
ХVI - XVII iғғ. Қазақтардың жоңғаралармен қарым-қатынасы
Астана орманы
Әркім өз бақытының ұстасы немесе өмір заңдары
Курск доғасы шайқасындағы Қазақстандықтардың ерлігі
Түркілердің төл мекені – Түркістан!
Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты
Омардың тұлғасы және халифа тағайындалуы
PR-дың әлемдік ірі спорт бәсекелерінде алатын орны
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау
Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс,бұлардың кейнстік үлгісі
Агробизнес және агроөнеркәсіп интеграциясының арасындағы байланыс
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері
Қабатты гидравликалық жару және ұңғылардың түптік аймаққа әсер ету
ПАСКАЛЬ - Программалау стилі, деректерді енгізу және шығару