Спортшылардың суреттері
Сабақ жоспары (Ана тілі)
Сабақтың тақырыбы
«Тұйғын»
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой бөлісу
Стратегиялар
- Түртіп алу
- Болжау
- Қызығушылықты ояту
- Ой қозғау
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіру және тақырыпқа көшу.
- Сөзжұмбақ шешу, сөздік жұмысы жүргізу.
- Қазақстандық спортшылармен таныстыру.
- Суретпен жұмыс жасау.
- Мәтінді бөліктерге бөліп оқып, жоспар құру.
- Оқушының қызығушылығын ояту.
Дамытушылық
- Іскерлік дағдыны, ойлау қабілетін, сөздік қорды дамыту.
- Толық жауап беру дағдыларын жетілдіру.
- Мәнерлеп, саналы оқуға төселдіру.
Тәрбиелік
- Ептілікке, ынтаға, қырағылыққа және талаптылыққа тәрбиелеу.
- Өз ойы мен пікірін еркін айтуға бағыттау.
Құрал-жабдықтар және көрнекілік
- Лашын (құс) суреті
- Велосипед суреті
- Спорт түрлерінің суреттері
- Кітапшалар
- Спортшылардың фотосуреттері
Сабақтың құрылымы
- I. Ұйымдастыру
- II. Үй тапсырмасын тексеру
- III. Жаңа сабақ
- IV. Мәтін мазмұнын түсіндіру және оқу
- V. Сөздік жұмысы, жоспар құру, қорытындылау
Үй тапсырмасын тексеру
Топтық жұмыс
Оқушылар топқа бөлінеді және әр топқа жетекші тағайындалады.
Тапсырмалар
I-топ
Ф. Оңғарсынова туралы
Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 25 желтоқсанда Гурьев облысы Новобогат ауданы Манаш ауылында дүниеге келген. Гурьев педагогикалық институтын бітіргеннен кейін мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры болып қызмет атқарған. Ақындық өнері ерте қалыптасып, түрлі газет-журналдарда бас редакторлық қызмет еткен. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болған.
II-топ
«Ана» туралы мәтін
Дүниеде анасыз адам болмайды. Ертең анамыз әже болады. Бәріміз анадан туып, ананың мейірімі мен нәрін алып өсеміз. Бізге өз тілімізде дұрыс сөйлеуді үйрететін де — ана. Біз аналарымызды тыңдап, ренжітпей, әрдайым аман-сау жанымызда болғанын қалаймыз.
III-топ
«Әже» туралы мәтін
Әже — біздің қамқоршымыз. Қай уақытта да бар тәттісін беріп, тентектік жасасақ жасырып, жақсы ісімізді айтып, мақтап отырады. Ертегі, қызықты әңгіме, өлең айтуға жалықпайды. Сондықтан әже — әр шаңырақтың тірегі мен сәні. Әжелеріміз аман болсын!
Жаңа сабақ: «Тұйғын»
Қызығушылықты ояту: сөзжұмбақ
Сөзжұмбақ шешу арқылы негізгі сөз шығарылады: спорт. Одан кейін «велосипед» ұғымына назар аударылады.
Сұрақтар
- 1) Сендер спорттың қандай түрлерін білесіңдер?
- 2) Спорттың адамға қандай пайдасы бар?
Спорт түрлері
Волейбол, велосипед, бокс, хоккей, күрес, баскетбол, футбол, жүзу.
Пайдасы
Спорт денені шынықтырады, денсаулықты жақсартады. Спортпен айналысқан адам епті, шапшаң, төзімді әрі күшті болады.
Қазақстандық спортшылар
Қазақстанда елге танылып, ел намысын қорғап, жүлдегер атанған спортшылар көп. Мысалы: Б. Саттарханов, Б. Артаев, Ә. Тұяқов, Д. Тұрлыханов, А. Храпатый, В. Смирнов, В. Вохмянин, С. Қонақбаев.
Өңірлік таныстыру
Атырау өңірінің спортшыларын атап, велосипедші В. Винокуров туралы қысқаша мәлімет беріледі.
Мәтіннің тақырыбы
Бүгінгі мәтін спорт, соның ішінде велосипед жарысы туралы. Негізгі кейіпкер — кішкентай Тұйғын.
Автор туралы: Бердіқұлов
Бердіқұлов — спорт тақырыбына тың жол салған қаламгер. Ол 1933 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. ҚазМУ-ді бітірген. «Лениншіл жас», «Жалын» баспаларында жұмыс істеген. Шығармалары поляк, испан, венгр және басқа тілдерге аударылған. Ш. Айтматов пен Э. Хемингуэй шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған. Бердіқұлов — жазушы әрі аудармашы.
Негізгі ой
Спорт — табандылық пен мақсатқа жетудің мектебі. Кішкентай қадам үлкен жеңіске бастайды.
«Тұйғын» сөзінің мағынасы
Тұйғын — қаз, үйрек аулап қоректенетін, лашын тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Лашынның тұйғын, көкжендет сияқты түрлері болады. Бұл құс алғыр, сезімтал, қырағы, берік келеді.
Махамбет өлеңіндегі «лашын құстың тепкіні» туралы жолдар лашынның тегеуріні қатты, тепкісі күшті құс екенін аңғартады. Лашын сирек кездесетіндіктен, қызыл кітапқа енгізілген. Балаға «Тұйғын» деп ат қою — «құс секілді самғап, биікке өрлей берсін» деген ниетті білдіруі мүмкін.
Мәтін мазмұны (қысқаша)
Мәтіннің негізгі кейіпкері — кішкентай Тұйғын. Ол бала кезінен велосипед тебуді жақсы көреді. Бір күні балалар ойнап жүргенде, қастарынан қаздай тізіліп велосипедші қыздар зулап өтеді. Балалар велосипедтеріне мініп, арттарынан қуады, бірақ бәрі шаршап қалады. Тек Тұйғын ғана қыздардың соңынан қалмай, ақыры қуып жетеді. Қыздар оның табандылығына таңырқап, біреуі арқасынан қағып: «Жігіттің сұлтаны бол!» — деп батасын береді. Кейін Тұйғын елді қуантып, чемпион атанады.
Оқулықпен жұмыс
- Мәтінді мәнерлеп оқу.
- Түсініксіз сөздерді түртіп белгілеп отыру.
- Бөлімдерге бөліп оқып, негізгі ойды табу.
Сөздік жұмысы
- Екпініп қуды
- Шапшаң қуды.
- Көзге ілінді
- Көзге көрінді, байқалды.
- Қозы көш жер
- Жақын жер.
- Мүсіндеп соққан
- Әдемілеп соққан.
Мәтін жоспары
- Алғашқы сыйлық.
- Велосипедшілердің соңынан қуу.
- Қыздармен болған әңгіме.
- Тұйғын — чемпион.
Жер-су атаулары
- Бұғымүйіз
- Бөгеті
- Қауымшыл
Суретпен жұмыс
Футбол
Сюжет құрастыру, ойын ережесін айту.
Волейбол
Командалық әрекетті сипаттау.
Коньки / хоккей
Жылдамдық, төзімділік туралы айту.
Мотоцикл жарысы
Қауіпсіздік пен ережені талқылау.
Тұйғынға мінездеме
- Қайсар
- Талапты
- Әдепті
- Мақсатшыл
- Чемпион
Қорытындылау: Венн диаграммасы
Тұйғын (адам)
- Адамның аты
- Бала
- Чемпион
Ұқсастығы
- Тірі табиғатқа жатады
- Қырағылық пен алғырлық ұғымын меңзейді
Тұйғын (құс)
- Құстың аты
- Жыртқыш құс
- Қырағы, алғыр
Үй тапсырмасы
- Мәтінді оқып, жоспар бойынша мазмұндау.
- Сөздік дәптерге жаңа сөздерді жазып, сөйлем құрастыру.
- «Спорттың пайдасы» тақырыбына қысқа ойтолғау жазу.
Бағалау
- Мәтінді мәнерлеп оқу сапасы
- Сұрақтарға толық жауап беруі
- Топтық жұмыстағы белсенділігі
- Сөздік жұмысты орындауы