Күзгі орманға саяхат
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Бағыты мен тақырыбы
- Білім беру саласы
- Таным
- Оқу іс-әрекеті
- Қоршаған орта
- Бөлімі
- Математика, экология негіздері, құрастыру
- Тақырыбы
- Күзгі орманға саяхат
Мақсат және міндеттер
Балалардың күз туралы және табиғаттың күз мезгіліндегі ерекшеліктері туралы білімдерін жүйелеу және қорытындылау.
-
Білімділік
Күз мезгілі, күз айлары және маусымдық белгілер туралы білімдерін бекіту; «Күз» тақырыбы бойынша сөздік қорын байыту.
-
Дамытушылық
Есте сақтау, қиялдау, логикалық ойлау қабілеттерін және сөйлеу дағдыларын дамыту.
-
Тәрбиелік
Күзгі көріністің сұлулығын сезіндіру; әсемдік сезіміне тәрбиелеу.
Билингвалды компонент
Сөздік жұмыс
Технологиялық қамтамасыз ету
- АКТ, жыл мезгілдері бойынша слайдтар
- «Күзгі орман» бейнеролигі
- Гуашь, қылқалам, альбом парағы (жапырақ кескіндері)
- Су құйылған стақан, сүрткіш, пакет
- Апельсин, желдеткіш (веер), музыка
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар
Тіл дамыту және таныстыру
Күз мезгілі туралы әңгімелеу; күз туралы өлеңдер мен тақпақтарды жаттау.
Бақылау және зерттеу
Күзгі табиғатты бақылау; жапырақ жинау; күзгі суреттерді қарау; жұмбақ шешу; құстар мен жануарлар туралы әңгімелесу.
Сабақтың жүру барысы
1) Шеңберге тұрып амандасу
Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып, қимыл-қозғалыспен бірге амандасу өлеңін айтады.
Айтылым
- Амансың ба, алтын күн? (қолдарын жоғары көтеру)
- Амансың ба, көгілдір аспан? (қолдарын жанынан жоғары көтеру)
- Амансың ба, самал жел? (қолды жоғары көтеріп тербеу)
- Амансың ба, мөлдір су? (қолды төменгі жақтан тербеу)
Қорытынды сәлем
- Қайырлы күн! (оң қолды жанына қарай жіберу)
- Қайырлы таң! (сол қолды жанына қарай жіберу)
2) Жұмбақ арқылы тақырыпты ашу
Жұмбақ
Жапырақты бояды,
Атырабыңды бояды.
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары етіп қояды.
Балалардың жауабы
Күз.
Тәрбиеші: «Дұрыс айтасыңдар, бұл — күз».
3) Сұрақ-жауап: күз айлары мен белгілері
Күздің айлары
Тәрбиеші: «Күз мезгілінің айларын атаңдар».
Күздің маусымдық белгілері
- Күннің көзі шыққанымен, жылуы бәсеңдейді.
- Күн қысқарып, түн ұзарады.
- Аспанды қалың бұлт торлайды.
- Жаңбыр жиі әрі ұзақ сіркіреп жауады.
- Суық өкпек жел соғады.
- Құстар жылы жаққа ұшады.
- Жануарлар қысқа дайындалып, қор жинайды; кейбірі қысқы ұйқыға кетеді.
- Адамдар егін өнімдерін жинайды.
Нақтылау
Күз — табиғаттың ғажап, көркем мезгілі.
4) «Күзгі орманға саяхат»
Тәрбиеші: «Қазір бәріміз күзгі орманға барамыз. Ормандағы реттілікті сақтаймыз».
Сиқырлы сөздер
Оңға, солға бұрыл — орманда бол!
Экраннан «Күзгі орман» бейнеролигі көрсетіледі.
5) Орман туралы әңгіме
Орман деген не?
Балалар: «Орманда көп ағаш өседі. Ағаштың көптеген түрі болады».
Орманда өсетін ағаштар
Тағы не өседі?
Балалар: «Саңырауқұлақтар, жидектер».
Қосымша сұрақ: «Адамдар орманға не үшін барады?»
Орманда нені кездестіреміз?
Балалар: «Жануарларды».
6) Қимылды ойын: «Өз жұбыңды тап»
Мақсаты
Түстерді ажырату, зейінді шоғырландыру және жұптасу дағдыларын дамыту.
Шарты
- 1 Балалар шеңберге тұрады, ортаға жапырақтар қойылады (саны балаларға тең және жұп құрауға ыңғайлы болуы керек).
- 2 Балалар шеңбер бойымен жүріп, «Бір, екі, үш — тез жапырақты ал!» белгісімен жүгіріп барып, бір жапырақтан алады.
- 3 Тәрбиеші: «Жапырағыңның түсіне сәйкес жұбыңды тап» дейді.
Түрлендіру нұсқалары
- Жұпты бір ағаштың жапырақтары арқылы құру.
- Бір түрдің жапырақтарын көлемі бойынша сәйкестендіру.
7) Жануарлар күзде қалай дайындалады?
Күзгі әрекеттер
- Қысқа қор жинайды.
- Түгі (терісі) түлейді.
- Өзіне қоныс (ін, апан) дайындайды.
Дидактикалық ойын: «Не қайда ұйықтайды?»
Тәрбиеші жануардың атын айтады, балалар оның қайда ұйықтайтынын атайды.
- Түлкі
- інде
- Қасқыр
- апанда
- Тиін
- ағаштың қуысында
- Аю
- апанда
Қорытынды
Тәрбиеші: «Жарайсыңдар!»