Абайдың он екінші қара сөзіОН ЕКІНШІ СӨЗКімде - кім жақсы - жаман ғибадат қылып жүрсе, оны ол ғибадаттан тыюға аузымыз бармайды, әйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз
Абайдың он екінші қара сөзі
ОН ЕКІНШІ СӨЗ
Кімде-кім жақсы-жаман ғибадат қылып жүрсе, оны ол ғибадаттан тыюға аузымыз бармайды: “Әйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы жоқ қой”, — дейміз.
Бірақ сондай адамдар толымды ғибадатқа ғылымы жетпесе де, ғибадат қылса екен. Оның екі шарты бар, соны білсе екен:
- Әуелі — иманның иғтиқатын берік қылу керек.
- Екінші — “үйреніп жеткенше осы да болады ғой” демей, үйрене беру керек.
Кімде-кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін қойса, оны Құдай ұрды: ғибадаты — ғибадат болмайды.
Ал кімде-кім иманның неше нәрсемен кемел табатынын білмей, қанша жерден бұзылатынын білмей, басына шалма орап, “бірәдар” атын көтеріп, оразашыл, намазшыл болып жүргені — көңілге қалың бермей тұрып, жыртысын салғанға ұқсайды.
Иманды сақтау
Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды.
Ықылас пен жауапкершілік
Ықыласпен өзін-өзі аңдып, шын діни шыншылдап жаны ашып тұрмаса, салғырттың “иманы бар” деуге болмайды.
Абайдың басқа да қара сөздері
Бұл ойлар Абайдың өзге қара сөздерінде де әр қырынан жалғасып, адам мінезі, иман, білім және жауапкершілік мәселелерін тереңдете түседі.