Күш белгіленуі
Сабақ туралы
Сабақтың тақырыбы
Күш
Сабақтың түрі
Жаңа сабақты түсіндіру
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, баяндау
Пәнаралық байланыс
Математика, қазақ тілі
Көрнекіліктер
- Слайд
- Тест
- Интерактивті тақта
- Динамометр
- Электронды оқулық
- Схема
Сабақтың мақсаты
Күш ұғымын түсіндіру және оның өлшем бірліктерімен таныстыру.
1) Білімділік
Күш ұғымына дұрыс түсінік қалыптастыру.
2) Дамытушылық
Ойлау қабілетін және танымдық белсенділікті арттыру.
3) Тәрбиелік
Алған біліміне жауапкершілікпен қарауға, тез ойлауға және өз мүмкіндігіне сенуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа дайындық, назар аударту.
Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы тақырып бойынша білімді нақтылау.
«Біз не білеміз?»
Формулаларды қайталау, негізгі ұғымдарды еске түсіру.
Өтілген тарауды тест арқылы тексеру
Екі нұсқа бойынша қысқа тест тапсырмалары.
Жаңа сабақты түсіндіру
Күш ұғымы, белгіленуі және өлшем бірлігі.
Толғаныс және бекіту
Есептер шығару, кітаппен жұмыс, қорытынды, бағалау, үй тапсырмасы.
Тест тапсырмалары
Өтілген тарауды қайталауға арналған тест. Әр сұраққа бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
I нұсқа
-
1) Траектория дегеніміз не?
- a) дененің қозғалу сызығы
- ә) дененің қозғалу сызығының ұзындығы
- б) дененің басқа денеге қатысты орнын өзгертуі
-
2) Қозғалыстағы автобуста жолаушы қай денеге қатысты тыныштықта болады?
- a) автобус жүргізушісіне қатысты
- ә) жерге қатысты
- б) автобус дөңгелегіне қатысты
-
3) Сағаттың секунд тілшесінің қозғалыс траекториясы қандай?
- a) түзу сызық
- ә) қисық сызық
- б) шеңбер
-
4) Қандай қозғалыс бірқалыпсыз?
- a) дене тең уақыт аралығында бірдей жол жүретін қозғалыс
- ә) кез келген уақыт аралығында бірдей жол жүретін қозғалыс
- б) траекториясы түзу сызық болатын қозғалыс
-
5) Қайсысы бірқалыпты қозғалысқа жатады?
1) Автомобиль теңселгенде 2) сағат маятнигінің қозғалысы 3) эскалатордың қозғалысы
- a) 1, 2, 3
- ә) 1, 2
- б) 2, 3
II нұсқа
-
1) Уақыт өтуімен дененің басқа денелерге қатысты орнын өзгертуі қалай аталады?
- a) жүрген жол
- ә) траектория
- б) механикалық қозғалыс
-
2) Жүзіп бара жатқан яхтадағы жүк қай денелерге қатысты қозғалады?
- a) жағалауға қатысты
- ә) суға қатысты
- б) мачтаға қатысты
-
3) Футбол матчында доптың қозғалыс траекториясы қандай?
- a) түзу сызық
- ә) қисық сызық
- б) шеңбер
-
4) Қандай қозғалыс бірқалыпты емес?
- a) ұшақтың ұшуы
- ә) сағаттың секунд тілшесінің қозғалысы
- б) қолдан түсіп кеткен шарик
-
5) Қандай қозғалыс бірқалыпты?
- a) кез келген тең уақыт аралығында тең жол жүретін қозғалыс
- ә) кез келген уақыт аралығында бірдей жол жүретін қозғалыс
- б) траекториясы түзу сызық болатын қозғалыс
Жаңа тақырып: Күш
Күнделікті өмірде біз күш ұғымы арқылы бір дененің екінші денеге тигізетін әсерін сипаттаймыз. Мысалы, қолдың допқа әсері, магниттің темірді тартуы немесе судың жүзгішке әсері туралы айтамыз.
Тіл мен өмірдегі қолданысы
«Күш» сөзі кейде ауыспалы мағынада да қолданылады. Мақал-мәтелдер арқылы ойдың терең мағынасы беріледі:
- «Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады»
- «Көптің күші — бірлікте»
Негізгі анықтама
Күш — сандық мәнімен (модулімен) және бағытымен сипатталатын физикалық шама. Күш F әрпімен белгіленеді.
Белгіленуі
F
Өлшем бірлігі
Н (ньютон)
Сипаттамасы
Модуль + бағыт
Бақылау мысалы (серіппе мен шар)
A)
Қол шарға әсер еткенде серіппе жиырылады: алдымен оның бір ұшы қозғалысқа келеді, кейін қозғалыс серіппенің басқа бөліктеріне беріледі.
B)
Жиырылған серіппе жазылғанда шарды қозғалысқа келтіреді. Демек, әсер етуші дене — адамның қолы: ол шарды да, серіппенің ұшын да қозғалтты.
Бұл мысалдар күштің қозғалыс жылдамдығын өзгерте алатынын және қозғалыс бағытын өзгертуі немесе денені тоқтатуы мүмкін екенін көрсетеді.
Тең әрекетті күш
Тең әрекетті күш — денеге бір мезгілде әсер ететін бірнеше күштің жалпы әсеріндей әсер жасайтын күш. Ол осы күштердің қосындысына тең.
SI жүйесіндегі бірлік: ньютон
SI жүйесінде күш бірлігі ретінде ньютон (Н) алынады. Бұл атау ұлы ағылшын физигі Исаак Ньютонның құрметіне берілген.
1 Н — тыныштық күйіндегі массасы 1 кг денеге 1 с ішінде 1 м/с жылдамдық беретін күш.
Үлкен күштер үшін килоньютон (кН) бірлігі де қолданылады.
Оқушының жеке шығармашылығы
Тақырып: Исаак Ньютонның өмірі мен ғылыми мұрасы.
Толғаныс: есептер шығару және бекіту
Деңгейлік жұмыс
- Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс (карточкалар).
- Кітаппен жұмыс.
Кітаппен жұмыс: 9-жаттығу
№5
a = 8, b = 4, c = 2, ρ = 19,3 т/м³. Табу: m.
№7
S = 0,42 м², C = 0,15 м, ρ = 1000 кг/м³. Табу: V және m.
Қорытынды бөлім
-
Қорытынды
Негізгі ұғымдарды жинақтау.
-
Бағалау
Жауаптар мен белсенділікке сай.
-
Үй тапсырмасы
Тақырыпты оқу, қосымша сұрақтарға дайындалу.