Махамбет өлеңдері үзінділерін толықтыру
Махамбет аудандық білім бөлімі · Таңдай орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Қойбақова Гүлбағым Нұрқабылқызы
Пәні
Әдебиеттік оқу · 3-сынып
Тақырыбы
Жалынды ақын – Махамбет (слайдпен)
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға Махамбет Өтемісұлының кім екенін еске түсіре отырып, төменгі сыныптарда өткен шығармаларын қайталау. Ақын тұлғасын жаңа қырынан танытып, өлеңнің мағынасы мен негізгі идеясын тарихи контекстімен байланыстыра түсіндіру.
Дамытушылық
Өмірге көзқарасын қалыптастыру, елге, жерге, Отанға сүйіспеншілігін арттыру. Шеберлік пен дағдыны дамыту.
Тәрбиелік
Патриоттыққа, батылдыққа, өткір ойға тәрбиелеу; туған елін, жерін сүюге және қорғауға баулу.
Сабақтың сипаттамасы
Түрі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер
- Қызығушылықты ояту
- Мағынаны тану
- Ой толғау, ой қозғау
- Шығармашылық жұмыстар
- Топтық жұмыс
- «Бір айналым сөз»
- «Әлемді шарлау»
- Рефлексия
Көрнекіліктер
- Ақынның портреті
- Кітап көрмесі
- Бейнежазба, слайд
- Мультимедиа
- Бүктемелер және т.б.
Пәнаралық байланыс
Тарих, саз пәні, әдебиет
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Аспанда күн шығып, барлық ағаштар соған жапырағын жайып қарап тұрды. Күнге жылыну үшін жоғары-төмен созылды. Кенет жел тұрып, ағаштар ырғала бастады. Жаңбыр жауды. (Алдында тұрған баланың арқасын жаңбыр тигендей етіп, саусақпен майда тырсылдатады.) Жаңбыр күшейді. Талдар бір-бірін жаңбырдан қорғап, сипай бастады. Жаңбыр басылып, күн қайта шықты. Ағаштар сілкініп, жапырақтарын жоғары қарай жайды. Олар қуанып, өздерін жайлы сезінді.
II. Негізгі бөлім
Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту
Мына суретке назар аударайық. Сұрақ: Махамбет Өтемісұлы кім?
Ақын
Жырдың қуаты
Батыр
Елдік рух
Күйші-сазгер
Саздың тілі
Қолбасшы
Қайсар мінез
Махамбет — жай ғана ақын емес, патриот ақын, шаруалар көтерілісінің рухын танытқан тұлға.
Өткенмен байланыс
Сұрақ: 3-сыныпта ақынның қандай шығармаларымен таныстыңдар?
- «Махамбет пен Жақия» әңгімесінде Махамбет Исатайдың баласы үшін жанын қиюға дайын екенін көрсетеді.
- «Халық кегінің күйшісі» әңгімесінде Құрманғазы мен Махамбеттің кездесуі баяндалады.
«Өлең деген – құдірет қой шынында... О, жас ұрпақ! Төрлеріңе ілгейсің патшаны емес Махамбет пен Абайды».
Махамбет туралы бейнетаспадан үзінді көрсетіліп, мазмұны түсіндіріледі.
Топқа бөлу және топтық жұмыс
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ өз атауын таныстырып, қорғайды:
Хронологиялық кесте: Махамбет туралы мәтін үш бөлікке бөлініп таратылады. Әр топ мәтінді оқып, түсінгенін келесі топтарға түсіндіреді.
«Тәуелсіздік жолында қан да төгілген, жас та төгілген, денесінен бас та бөлінген. Басы бөлінгенмен ары төгілмеген арлыларды әңгімелесек, биіктемесек аласармаймыз».
Ой қозғау: тапсырмалар
1-топ: «Дулыға»
Топтастыру- «Махамбет» тақырыбы бойынша топтастыру жасау.
- Махамбеттің өлеңін жатқа айту.
2-топ: «Семсер»
Зерттеу- Махамбеттің күйлері туралы не білесің?
- Махамбеттің қанша күйі бар? Қандай атпен жарыққа шықты?
3-топ: «Тұлпар»
Шығармашылық- Махамбетке арнау: өлең шығару.
- Еркін жазу.
Сергіту сәті
Бейнетаспадан «Жұмыр қылыш» күйі тыңдалады. Күйдің шығу тарихы қысқаша түсіндіріледі.
Шығармашылық жұмыс
Махамбет аталарың сияқты ақын болғыларың келе ме? Ой бөлісіп, дәлелдеңдер.
Өлең үзінділерін толықтыру
1-топ: «Дулыға»
Мұнар да мұнар, _____ _____, _____ шыққан шұбар күн,
Буыршын мұзға _____ _____, _____ _____ шөккен күн.
Ескерту: толық нұсқасын кейін салыстырып тексеру.
Қорытынды бөлім
Үй тапсырмасы
Махамбет шығармашылығы бойынша оқу, негізгі ойды анықтау, сабақта алған әсерді қысқаша жазу.
Бағалау және рефлексия
Топтық жұмысқа қатысуы, жауаптың дәлелі мен белсенділігі ескеріледі. Соңында оқушылар қысқаша рефлексия жасап, бүгінгі сабақтан түйгенін айтады.