Екі амалдан тұратын санды өрнектер

Күнделікті сабақ жоспары

Ондықтармен және бірліктермен санау

Бұл сабақта оқушылар ондықтар мен бірліктерді қосу және азайту тәсілдерін қайталайды, бір және екі таңбалы сандарды оқып-жазуды бекітеді, сондай-ақ топ ішінде ой қорытып, шешімін түсіндіру дағдысын дамытады.

Сабақтың мақсаты

  • Ондықтар мен бірліктерді қосу және азайту тәсілдерін қайталау.
  • Бір және екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыруды бекіту.
  • Шығармашылық тапсырмалар арқылы ойлау, талдау және түсіндіру дағдыларын дамыту.

Ұйымдастыру сәті (өлең жолдары)

Кел, балалар, келіңдер,

Есеп әлеміне еніңдер.

Қосу менен азайту —

Теңдеу сырын біліңдер.

Ұзындық, масса, уақыт

Шамаларын табайық.

Күтеді қызық жұмыстар,

Оқу жылын бастайық!

Оқулықпен танысу

  • Оқулықты қарап шығып, авторларын атау.
  • Оқулықта қолданылатын шартты белгілерді анықтау.
  • Оқулықтың күнделікті оқу үдерісіндегі «адал көмекші» екенін түсіндіріп, ұқыпты ұстау мәдениетін қалыптастыру.

Тірек білімді еске түсіру

«1» цифры туралы әңгіме

  • Бұл сан туралы не білеміз?
  • Неліктен «1» — бір таңбалы сан?
  • Өмірде қайда қолданылады?
  • Дүниеде «біреу» ұғымын білдіретін мысалдар келтіру (күн, ай, жүрек, мұрын, бас және т.б.).

Бір таңбалы және екі таңбалы сандар

Оқушылар бір таңбалы сандарды атап, олардың ортақ белгілерін және айырмашылықтарын талқылайды.

Назар аудару

1 — натурал сан. 10 — екі таңбалы сан (бір ондық және нөл бірлік).

  • Оларға не ортақ?
  • Ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

Ойын: «Сен маған, мен саған»

Оқушылар екі топқа бөлінеді: бірінші топ санды атайды, екінші топ сол санға сәйкес келетін ондықтарын (ондыққа жіктелуін) айтады.

Қайталау және бекіту (оқулықпен жұмыс)

№1

Көрнекілікке сүйене отырып санау

Бірліктермен санау және ондықтармен санау арқылы сандарды құрастыру тәсілі қайта еске түсіріліп, бекітіледі.

№2

Жұптық өзіндік жұмыс

Оқушылар тапсырманы нұсқалар бойынша жұппен орындайды. Кейін өзара тексеру үшін дәптерлерімен алмасады. Одан соң мұғалім нәтижені талдайды.

Талқылау сұрақтары

  • Қандай айырмашылық байқадыңдар?
  • Неліктен 100 саны ешбір топқа кірмей қалды?

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы назарды қайта шоғырландыру.

Тақтамен жұмыс: есепті талдау

№3

Жас айырмасын табу

Нұржан 10 жаста, ал Айдар 7 жаста. Нұржан Айдардан неше жас үлкен?

  1. 1 Есептің сұрағын анықтау: «Нұржан Айдардан неше жас үлкен?»
  2. 2 Сұраққа бірден жауап беруге бола ма? Жоқ, алдымен екі баланың жасын салыстыру керек.
  3. 3 Жауап беру үшін қажет мәліметтер: Нұржанның жасы (10) және Айдардың жасы (7).
  4. 4 Табу амалы: азайту. 10 − 7 = 3.

Қорытынды

Бір санның екінші саннан қанша артық немесе кем екенін білу үшін үлкен саннан кіші санды азайтамыз.

Ұқсастық пен айырмашылық

Келесі есептер де осы үлгімен талданып шығарылады: сұрақты анықтау, берілгендерді белгілеу, сәйкес амалды таңдау, қорытынды жасау.

Шығармашылық тапсырма (топтық жұмыс)

4 адамнан топ құру

3–5 минут

Оқушылар бір-біріне бұрылып, төрт адамнан топ құрады. Жеке параққа түрлі түсті қарындаштарды қолдана отырып, тапсырманың шешімін табады.

Жауап кілті

  • 1 жасыл
  • 2 қызыл
  • 3 көк
  • 4 сары

Рефлексия және қорытынды

№4

Мысалдарды тізбектей орындау

Мысалдар тақтада ретімен орындалып, орындалу жолы ауызша түсіндіріледі.

Қорытынды сұрақтар

  • Бүгінгі сабақта нені еске түсірдік?
  • Бір санның екінші саннан қанша артық немесе кем екенін білу үшін не істейміз?
  • Саған бәрінен бұрын не ұнады?

Үй тапсырмасы

  • 5-бет: «Гүлдер алаңы» тапсырмасындағы мысалдарды шығару.
  • Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру.

Қосымша материалдар (жүктеу)

Төмендегі тақырыптар оқу барысында қосымша материал ретінде беріледі.

100 саны

Жүктеу

Ұзындық және өлшеу

Метр — жүктеу

Салыстыру

Жүктеу

Қосуды тексеру

Жүктеу

Азайтуды тексеру

Жүктеу

Бақылау жұмысы

Жүктеу

Масса және өлшеу

Килограмм — жүктеу

Сыйымдылық және өлшеу

Литр — жүктеу

Көпбұрыш

Жүктеу

Тік және тік емес бұрыш

Жүктеу

Санды және әріпті өрнектер

Жүктеу

Санды өрнектерді салыстыру

Жүктеу

Өзіндік жұмыс

Жүктеу

Уақыт және өлшеу

Сағат, минут — жүктеу

Тәулік, жыл, ғасыр

Жүктеу

Ондықтан аттамай қосу/азайту

Қайталау — жүктеу

Амалдарды орындау реті

Жүктеу

Екі амалдан тұратын өрнектер

Құру/оқу/жазу — жүктеу

Қосу мен азайту

23+2, 25−2 — жүктеу

Қосу мен азайту

26+30, 56−30 — жүктеу

Қосу және азайту

(3+56), (30+24) — жүктеу

Ауызша қосу/азайту тәсілдері

Қайталау — жүктеу

2 санын қосу және азайту

Жүктеу

Екі амалмен шығарылатын есеп

Жүктеу

3 санын қосу және азайту

Жүктеу

Білімді тиянақтау

Өзіндік жұмыс — жүктеу

4 санын қосу және азайту

Жүктеу

5 санын қосу және азайту

Жүктеу

Бақылау жұмысы

Жүктеу

Қатемен жұмыс

Білімді тиянақтау — жүктеу

6 санын қосу және азайту

Жүктеу

7 санын қосу және азайту

Өзіндік жұмыс — жүктеу

Білімді тиянақтау

Жүктеу