Ғарыш кемесі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тақырыбы
Ғарыш кемесі
Білім саласы
Шығармашылық
Оқу іс-әрекеті
Мүсіндеу
Әдіс-тәсілдер
- Шаттық шеңбері
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Сергіту сәті
- Ойын
- Мүсіндеу
Мақсаты
-
1
Балаларға ғарыш, ғарыш кемесі және аспан әлемі туралы түсінік беру.
-
2
Ғарыш кемесін есу, жалпайту, біріктіру тәсілдері арқылы мүсіндеуге үйрету, ұсақ қол моторикасын дамыту.
-
3
Ғарышкерлерге қызығушылық пен сыйластыққа тәрбиелеу.
Қозғаушы қызмет: «Шаттық шеңбері»
Шолып аспан әлемін,
Қайырлы таң, қане күн!
Деп айтайық бәріміз,
Жолдап жүрек жылуын.
Ұйымдастырушы-ізденушілік кезең
Көктем тақырыбын еске түсіру
Сұрақ: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Ұсыныс: Көктемнің ерекшеліктерін әуен арқылы атрибуттармен көрсетейік.
Бұлт
Жер-анаға көмегім,
Жаңбыр болып төгемін.
Төмендеймін, көлбеймін,
Бөгелмеймін, өрлеймін.
Тамшы
Бұлттар, бұлттар, ойнашы,
Күркіреп, дүркіреп.
Бұлттар, бұлттар, ойнашы,
Сіркіреп, дүркіреп.
Су
Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,
Су ағады сыңғырлап.
Күн
Құшағын ашып шуақты,
Күнмін алтын сияқты.
Көктем мезгілі осындай керемет ерекшеліктерімен қуантады.
Ғарышкерлер күніне кіріспе
Сұрақ: Қазір көктемнің қай айы?
Сәуір айында маңызды мереке бар — Ғарышкерлер күні.
Түсінік: Ғарышкер — аспан әлеміне ұшатын адам.
Сұрақ: Олар немен ұшады?
Қазақ елінен ғарышқа Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов сияқты ағаларымыз ұшты. Аспан әлемінде көптеген ғаламшар бар, ал біз Жер ғаламшарында өмір сүреміз.
Сұрақ: Сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
Ғарышкерлер ғарышқа зымыранмен ұшады. Оны ғарыш кемесі деп атаймыз.
Бүгінгі оқу іс-әрекетінде «Ғарыш кемесі» тақырыбында мүсіндейміз.
Сендер ғарышқа ұшқыларың келе ме?
Үлгіге қарап көрейік: ғарыш кемесінің бөлшектері қандай пішіндерге ұқсайды?
Сергіту сәті
Қане, қанат жазайық,
Зымыран боп ұшайық.
Ай бетінде болайық,
Қайта жерге қонайық.
Ғарыш кемесін мүсіндеу жолдары
-
1
Ермексазды жұмсарту
Қолға ыңғайлы болғанша илейміз.
-
2
Бөлшектерге бөлу
Кемені құрастыруға қажет бөліктерді дайындаймыз.
-
3
Сопақша пішін жасау
Ермексазды алақан ортасына салып, сопақша түрге келтіреміз.
-
4
Біріктіру
Бөліктерді бір-бірімен берік етіп біріктіреміз.
Дидактикалық ойындар
«Ғарышқа саяхат»
Алдымызда үлкен ғалам бар. Біз таңғажайып әлемге келгендейміз.
Сұрақ: Аспанда нелер бар?
Күннің айналасында Жер және басқа планеталар болады.
Жердің Күнге қараған жағы жарық, ал екінші жағы қараңғы болады.
Айдың жылуы өте аз.
Аспан әлемінде саяхат жасай жүріп, тапсырмаларды орындайық.
«Зымыран құрастыр»
Пішіндер арқылы зымыран құрастырамыз.
Сұрақ: Зымыранды қандай пішіндерден құрастырдық?
«Көліктер»
Тақтадағы көліктер суреттерінің ішінен ғарыш көліктерін бөліп алайық.
Қорытынды сұрақтар
Жетекші сұрақтар
- Аспанға кімдер ұшады?
- Олар немен ұшады?
- Біз бүгін не мүсіндеуді үйрендік?
- Тұңғыш қазақ ғарышкерлері кімдер?
Кері байланыс
Ойындар ұнады ма, балалар?
Бүгінгі тақырып: Ғарыш кемесі.