Алтынсарин Дүниеде жамандық неден
Сабақ тақырыбы
Ыбырай Алтынсарин: «Дүниеде жамандық неден?»
Сабақ мақсаты
Білімділік
- Мысалды түсініп оқып, мағынасын ашу арқылы негізгі ойды анықтауға үйрету.
- Оқушылардың ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелік
- Адамдыққа, адамгершілікке баулу.
Дамытушылық
- Ақыл-ойын, белсенділігін дамыту.
- Шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін жетілдіру.
- Өз ойын жүйелі әрі нақты жеткізуге машықтандыру.
Сабақ сипаттамасы
Түрі мен әдістері
- Сабақ түрі
- Жаңа білімді меңгерту
- Әдістер
- Әңгімелеу, сұрақ-жауап, ой қозғау, проблемалық оқыту
Ресурстар мен байланыстар
- Көрнекілік
- Автор портреті, мазмұнды суреттер, үлестірме парақтар, тірек-сызбалар
- Пәнаралық байланыс
- Қазақ тілі, бейнелеу өнері, дүниетану
- Техникалық құрал
- Мультимедиалық құрылғы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа әзірлік жасалып, оқушы зейіні сабаққа аударылады. Балаларға күннің жылуын сезіндіретін қысқа сергіту мәтіні ұсынылады:
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп, жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Осы жылумен сабағымызды бастаймыз.
Топқа бөлу: сөзжұмбақ арқылы ат қою
I топ
2 әріптен қалдыра отырып оқы: ерболістрділеріатк
Нәтиже: Бірлік
II топ
Жіңішке дауысты дыбыстарды сызып тастап, шыққан сөзді оқы: ідеоөсетиыәқ
Нәтиже: Достық
III топ
Ұяң дауыссыз дыбыстарды сызып тастап, шыққан сөзді оқы: бжгадқвсзыблғыжқ
Нәтиже: Жақсылық
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ой қозғау
«Блиц-бақылау» әдісі
Әр топқа өткен тақырып бойынша 7 сұрақ қойылады. Оқушылар дұрыс жауапты айтады, ал жауап парағында әр сұрақ нөмірінің алдына «+» немесе «-» белгісін қояды.
I топқа сұрақтар: «Келісемін / келіспеймін»
-
Түркістан — бабаларымыздың көне қаласы.
+ -
Түркістан қаласы еліміздің солтүстік аймағында орналасқан.
- -
«Түркістан» өлеңінде ақын «Тұран» сөзін жиі қолданады.
+ -
Тұранда ертеде Ер Түрік, Арыстан баб, Қазақ хандығы, Қасым хан, Алаш елі болған.
+ -
Түрік еліне орыстар, немістер, украиндер жатады.
- -
Тұранда хандық құрған — Қасым хан.
+ -
Абылай хан Түркістанда жерленген.
+
IV. Жаңа сабақ
Ыбырай Алтынсарин туралы қысқаша мәлімет
- Ыбырай Алтынсарин — жазушы, ақын, ағартушы-ұстаз (1841–1889).
- Қостанай облысында дүниеге келген.
- Қазақ балаларына арнап Торғай қаласында мектеп ашқан.
- «Қазақ хрестоматиясы» оқу құралын жазған.
Оқулықпен жұмыс
- 1 Мәтінді түсініп, көзбен оқу.
- 2 Топқа бөліп оқу: автор сөзі, қарға, көк кептер, жылан, бұғы, Ақжүрек ақсақал.
- 3 Сөздік жұмысы: түсінуге қиын сөздердің баламасын жазу.
Сөздік жұмысы
Ақжүрек
Адал, ақ ниетті.
Байлаулы
Біреуге не бір нәрсеге тәуелді, меншікті.
Дүниеден безу
Барлығынан жалыққан күй.
Түнемек болып
Қонатын орын іздеп, аялдау ниеті.
Кеңес құрады
Ақылдасу, пікір алмасу.
Қастық
Біреуге әдейі жамандық ойлау, зиян келтіруге ұмтылу.
Тән
Адамның болмысы, денелік табиғаты.
Сергіту сәті
Балаларға арналған ән арқылы қысқа сергіту жаттығуы орындалады.