Айырмалардың мәнін салыстыру

Сабақтың тақырыбы

7 санын қосу және азайту.

Сабақтың түрі

Жаңа материалды меңгерту.

Оқыту әдісі

Ойын арқылы оқыту.

Көрнекіліктер

Сандар қатары, санамақ есептер, кестелер және т.б.

Сабақтың мақсаты

1) Негізгі оқу мақсаты

  • Оқушыларды 7 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру, шапшаң есептеу дағдыларын қалыптастыру.
  • Киелі 7 саны туралы түсінік беру.

2) Дағды мен түсінікті тереңдету

  • Қосу мен азайту амалдарының өзара кері амал екенін тұжырымдау.
  • Белгісіз компоненттерді табу ережелерін пысықтау.
  • Логикалық талқылауға қызығушылықты арттыру.

3) Ынтымақтастық және ой-өріс

  • Топтық жұмыс арқылы есептеу машығын арттыру.
  • Ой-өрісті дамыту, тез шешім қабылдауға үйрету.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, тіл дамыту, ән, ана тілі, өзін-өзі тану.

Сабақтың барысы

I. Қызығушылықты ояту

А) Шаттық шеңбері

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Ә) Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырып бойынша қысқа тексеру сұрақтары.

Б) «Кім шапшаң?»

1-топ және 2-топқа жылдам есептеу тапсырмалары.

II. Мағынаны тану

А) Жұмбақ өлең

Бір аптаны бөлгенде,
Жеті күн бар білгенге.
Жеті зат бар сөмкеде:
Қарындаш, пенал, оқулық,
Өшіргіш берер тазалық.
Қаламсап керек жазуға,
Үйретер бізді әріпке.
Бәрін қайта атап шық,
Саусақ бүгіп санап шық.

Жауабы: жеті.

Кестемен жұмыс: 7-ні қосу

1 санынан 8 санын қалай шығарамыз? 1 + 7
2 санынан 9 санын қалай шығарамыз? 2 + 7
3 санынан 10 санын қалай шығарамыз? 3 + 7

№1

1 + 7
2 + 7
3 + 7

Байқайтынымыз: екінші қосылғыштары бірдей (7) сандар.

7-ні азайту

10 − 7
9 − 7
8 − 7

Сәйкес айырмаларда азайтқыштары бірдей (7).

Қорытынды: қосу және азайту — өзара кері амалдар.

III. Жаңа білімді бекіту

№2

Берілгені бойынша кесінділерді салыстыру:

9 см − 7 см
7 см + 3 см

Салыстыру белгісін (>, <, =) дұрыс қой.

№3

Есеп құрастыр және шығар:

Үлкен қасық — 10
Кіші қасық — 7

Үлкен қасық кіші қасықтан қаншаға артық?

Заттың артық немесе кем екенін анықтау үшін азайту амалы орындалады.

№4

Азайғыштар мен азайтқыштарды салыстыр. Азайтқышы 9 болатын айырма жаз. Айырмалардың мәнін салыстыр.

9 − 3
9 − 4

Шығармашылық тапсырма

10 ағашты үш қатарға төрт-төрттен отырғызуға бола ма?

Нұсқа (сызба):

IV. Сергіту сәті: «Жеті қазына»

Жеті қазына

  1. 1. Ер жігіт
  2. 2. Сұлу әйел
  3. 3. Ілім-білім
  4. 4. Жүйрік ат
  5. 5. Қыран бүркіт
  6. 6. Ұшқыр тазы
  7. 7. Берен мылтық

Жеті жұт

  1. 1. Құрғақшылық
  2. 2. Мал жұтау
  3. 3. Ауру
  4. 4. Өрт
  5. 5. Соғыс
  6. 6. Сел басу
  7. 7. Жер сілкіну

Жеті ата

  1. 1. Әке
  2. 2. Бала
  3. 3. Немере
  4. 4. Шөбере
  5. 5. Шөпшек
  6. 6. Немене
  7. 7. Туажат

V. Ой толғаныс

Бүгін біз нені үйрендік?

Белгісіз санды табу:

□ + 3 = 10
9 − □ = 2

Белгісіз компоненттерді табу ережелері

Белгісіз қосылғыш

5 + □ = 8
□ − 3 = 3

Белгісіз азайғыш / азайтқыш

Қосу мен азайту амалдарының кері байланысын пайдаланып, белгісіз компонентті табамыз.

«Кел, ойнайық!» (жылдам есепте)

2 + 5
10 − 7
7 + 1
2 + 7
9 − 4
6 − 1
6 + 2

Үй тапсырмасы

№5 тапсырма.

Бағалау

Оқушылардың белсенділігі мен дәлдігіне қарай бағалау.

Мадақтау

Жетістікке жеткен оқушыларды атап, ынталандыру.