Көктем өлеңінің авторы кім
Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов — «Көктем»
Бұл сабақ жоспары өлеңді мәнерлеп оқыту, негізгі идеяны ашу, оқушы қызығушылығын арттыру және сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға бағытталған. Сонымен бірге табиғатты аялау мен қорғау құндылықтарын бекітеді.
Сілтеме
Әдебиеттік оқу оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы
- Интернет дереккөздері
- Презентация
- Плакаттар
Жалпы мақсаттар
- Өлеңді мәнерлеп оқыту арқылы негізгі идеяны ашу.
- Оқушылардың қызығушылығын арттыру.
- Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту.
- Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері
Коммуникация және ынтымақтастық
Оқушылар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасады; өлең жолдарын топта талқылап, бір-біріне түсіндіруге және өз ойын еркін айтуға үйренеді.
Сыни ойлау және белсенділік
Оқушылар сыни тұрғыдан ойлап, дәлел келтіруге дағдыланады. Топтық жұмыс ұйымшылдық пен белсенділікті арттырып, білімге ынтаны күшейтеді.
Сабақ барысы
1) Ынтымақтастық атмосферасы
Көңіл күй ахуалын қалыптастыру
Жарқырап күн де ашылды, Айналаға нұр шашылды. Қайырлы күн! Біз — көңілді баламыз, Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз. Ақ тілек, әсем күлкі — Көңіл күйлеріңіз қалай? — Керемет! Сабаққа дайындықтарыңыз қалай? — Тамаша! Ынталарыңыз ше? — Ғажап! Ендеше сабағымызды бастайық! — Ооооооо
2) Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырма: «Көктем сәні» ертегісі.
I топ
Рөлге бөліп оқу.
II топ
«Көктем сәні» бойынша топтастыру құрастыру.
III топ
Ұнаған аңның суретін салып, сипаттап айту.
Пысықтау: «Дұрыс па, әлде бұрыс па?» (Иә / Жоқ)
- Ертегінің 3 түрі бар.
- «Көктем сәні» қиял-ғажайып ертегі түріне жатады.
- Ертегінің авторы бар.
- Ертегіде айтылған аңдардың сөздері көктемнің сәнін сипаттайды.
- Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.
3) Қызығушылықты ояту
Видеокөрініс бойынша сұрақ
«Бұл көріністен қай жыл мезгілін көріп тұрсыздар?» — көктем. Бүгін Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңімен танысамыз.
Дәптерге күннің жадын жазу.
«Тұлғаны таны»
«Қасыммын сол баяғы бір Қасыммын, Бақытын ойламайтын құр басымның. Тымырсық түнек болсын — дұшпаныңмын, Ақ көңіл болсаң — сырласыңмын...»
Осы жолдар арқылы өзіне мінездеме берген Қасым Аманжолов — қазақтың көрнекті ақыны.
4) Автор туралы қысқаша мәлімет
Қасым Аманжолов 1911 жылдың 10 қазанында қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы аумағында, Қасым Аманжолов атындағы ауылға жақын Ақтайлақ елді мекенінде кедей шаруа отбасында дүниеге келген.
Ән салуды, домбыра, скрипка және күйсандықта ойнауды жақсы меңгерген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Ақынның батыл ойы, шыншылдығы мен терең сырлы, дауылды поэзиясы әр буын оқырманға әсер етіп, жас таланттарға ықпалын тигізіп келеді.
5) Көктем белгілерін анықтау
«Бейнекөріністен көктем мезгілі екенін неден аңғардыңдар?» деген сұраққа сүйеніп, мына белгілерді жинақтаймыз:
- Судың сарқырап ағуы
- Құстардың ұшып келуі
- Ағаштардың бүршік жаруы
- Жерді жасыл шөп басуы
- Жан-жануарлардың ұйқыдан оянуы
- Адамдардың көктемгі еңбекке кірісуі
- Күн мен түннің теңелуі
- Малдың төлдеуі
- Күннің жылынуы
6) Негізгі бөлім: оқулықпен жұмыс
- Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды.
- Үш топ оқушылары өлеңді тізбектей оқиды.
- Өлеңнің мазмұны мен негізгі идеясы талданады.
Дәптермен жұмыс
Өлеңдегі көркем сөздерді тауып, дәптерге жазу.
7) Сергіту сәті
«Көңілді күн» бейнеролигі арқылы қысқа сергіту жаттығулары орындалады.
8) Ой толғаныс
Топ басшыларына сұрақтар
- Бұлақ туралы не делінген?
- Өзен туралы не делінген?
- Көктемгі жаңбырды сипатта.
Топтық жұмыс
1-топ
Көктемде ағашта қандай өзгеріс болады?
2-топ
Көктемде қандай еңбек түрлері басталады?
3-топ
Көктемде балалар қандай ойындар ойнайды?
Шығармашылық жұмыс
1-топ
«Көктем — көңілді мезгіл» тақырыбында эссе жазу.
2-топ
«Бес жол өлең» құрастыру.
3-топ
Көктем көрінісін сурет салу арқылы бейнелеу.
9) Кері байланыс
«Ашық микрофон» әдісі
- Бүгінгі сабақта қандай шығармамен таныстық?
- «Көктем» өлеңінің авторы кім?
- Қ. Аманжолов кім?
- Көктемнің ерекшелігі неде?
- Көктем несімен ұнайды?
10) Рефлексия
Плюс
Оң әсер еткен тұстар, алған білім мен пайдалы деректер.
Минус
Түсініксіз болған немесе әлі де қиындық тудыратын тұстар.
Қызықты
Ерекше қызықтырған ойлар және көбірек білгісі келетін тақырыптар.
11) Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
«Көктем» өлеңін жаттау.
Бағалау: «Бағдаршам» әдісі
- Жасыл — иә, түсіндім.
- Сары — түсінгендеймін.
- Қызыл — түсінбедім.
Ортақ бағалау парағы қолданылады.
Өзін-өзі бағалау (қатысу деңгейі)
Әр топқа ұшақ, машина, велосипед суреттері беріледі. Оқушы өз белсенділігіне қарай таңдайды: өте жақсы — ұшақ, жақсы — машина, орташа — велосипед.
12) Қорытынды сөз
Оқушыларға сабаққа белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіріліп, көктемнің шуақты күніндей жарқырап жүру тілегі айтылады.
Автор туралы мәлімет
Қажапова Ұлболсын Темірбекқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин кенті
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта мектебі