Үнді мемлекетінің құрылуы
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Ақтасты селосы — Абай атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі: Султанова Асем Атабаевна
Пәні: Ежелгі дүние тарихы
Тақырып: Ежелгі Үндістан
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
Баяндау, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
Интербелсенді тақта, үлестірмелі материалдар, карта, тірек-сызбалар
Пәнаралық байланыс
География
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Ежелгі Үндістанның табиғаты, мемлекеттің қалыптасуы және шаруашылығы туралы білімді қалыптастыру.
Тәрбиелік
Ежелгі Үндістан тарихын оқыту арқылы еңбекқорлыққа және адамгершілікке баулу.
Дамытушылық
Тарихи танымды арттыру, ой-өріс пен сана-сезімді дамыту, алынған білімді өмірмен байланыстыру.
Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу, оқушыларды түгендеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын қайталау: «Кім жылдам?»
I. Қысқа сұрақтар
Алдыңғы тақырыптар бойынша білімді тез тексеруге арналған тапсырмалар.
- Б.з.б. XV ғасырда күшейген қала-мемлекет: Ашшур
- Урарту мемлекетінің астанасы: Тушпа
- Хеттер б.з.б. 1595 жылы тонаған ел: Вавилон
- Соғды елінің астанасы: Самарқан
- Ең ежелгі мәліметтер беретін шығарма: Авеста
- Хетт жеріндегі ең үлкен көл: Галис
II. Сәйкестендіру
Елдерді олардың астаналарымен сәйкестендіріңіз.
- Хетт
- Тушпа
- Соғды
- Хаттуса
- Урарту
- Бактр
- Бактрия
- Самарқан
III. «Тұлғаны таны»
Берілген тұлғаның қай елге қатысты екенін анықтаңыз.
- Ашшурбанипал — Ассирия
- Табарна — Хетт
- Дәуіт патша — Израиль-иудей
- Набонид — Вавилон
- Тиридат — Парфия
- Астиаг — Сирия
IV. «Мемлекетті таны»
Ежелгі елдердің орналасуын анықтаңыз.
- Парфия — Иранның солтүстігінде
- Кушан — қазіргі Өзбекстан және Қашғар өңірінде
- Бактрия — Тәжікстан мен Ауғанстан аумағында
- Мидия — Вавилонның солтүстік-шығысында
- Парсы патшалығы — Иран үстіртінің оңтүстігінде, Вавилонның оңтүстік-шығысында
- Хетт — қазіргі Түркия аумағында
- Урарту — қазіргі Армения аумағында
- Ассирия — Вавилонның оңтүстігінде
Жаңа сабақты меңгерту
Жетелеуші сұрақтар
- Біз өткен сабақта қандай мемлекеттер туралы мәлімет алдық?
- Бүгін ежелгі Оңтүстік және Шығыс Азия туралы білімімізді жалғастырамыз.
- Би өнері мен кино өнері ерекше дамыған елді білесіңдер ме?
- Ендеше, бүгін Ежелгі Үндістан тарихына «саяхат» жасаймыз.
Тақырыптың негізгі бағыттары
Сабақ төмендегі бөлімдер арқылы түсіндіріледі.
-
1) Табиғат жағдайлары
Географиясы мен климаттық ерекшеліктері
-
2) Ең ежелгі қалалары
Ерте қалалық мәдениет ошақтары
-
3) Үнді мемлекетінің құрылуы
Саяси ұйымдасу үдерістері
-
4) Шаруашылығы
Егіншілік, қолөнер және сауда
-
5) Әлеуметтік қатынастар
Қоғамдық құрылым және жіктелу
Үндістан түбегі: табиғи-географиялық сипаттама
Азияның оңтүстігінде теңізге сұғына еніп жатқан, үшбұрыш пішінді үлкен түбек Үндістан түбегі деп аталады. Бұл өңір арқылы екі ірі өзен ағып өтеді: Ганг және Үнді.
Негізгі ұғымдар: түбек, өзен аңғары, табиғи орта.
Солтүстік Үндістан: мемлекеттердің қалыптасуы
Б.з.б. VI ғасырда Үндістанның солтүстігінде бірнеше ұсақ мемлекеттер қалыптасты. Осы кезеңде мүліктік және әлеуметтік жіктелу тереңдей түсті.
Үндістан қоғамында адамдардың әлеуметтік орны мен мүліктік айырмашылықтарға қарай топтасуы көптеген елдерден өзгеше сипат алды.
Талқылау үшін: қоғамдық жіктелудің күшеюі мемлекет құрылымына қалай әсер етеді?
Мұғалімнің түсіндіруі
Сабақ барысында мұғалім карта және тірек-сызбалар арқылы Үндістан түбегінің орналасуын, өзен аңғарларының шаруашылыққа ықпалын, сондай-ақ солтүстікте пайда болған ұсақ мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен байланысын жүйелі түрде түсіндіреді.