Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы

Сабақтың тақырыбы

Рационал сандарды азайту. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы.

Сабақтың мақсаты

  1. Таңбалары әртүрлі және таңбалары бірдей сандарды азайтудың тәсілдерін меңгерту.
  2. Координаталық түзудегі шеткі нүктелердің координаталары арқылы кесіндінің ұзындығын табуды меңгерту.
  3. Рационал сандарды азайту ережесін және координаталық түзуде кесінді ұзындығын табу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың типі

Жаңа білім беру сабағы.

Назар аударыңыз

Азайту — қосудың кері амалы: азайту үшін қарсы санды қосамыз.

Көрнекіліктер

  • Оқулық: Т. А. Алдамұратова, Т. С. Байшоланов, «Математика – 6», Алматы: Атамұра, 2011.
  • Слайдтар, флипчарт.
  • Интерактивті тақта құралдары: сызғыш, өшіргіш, торкөз, дайындалған слайдтар.
  • Activote тестілеу құрылғысы, Activpen қаламы.

Сабақтың құрылымы

I. Өткен тақырыпты қайталау

Үй жұмысын тексеру.

II. Тақырып пен мақсатты хабарлау

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары түсіндіріліп, оқу әрекеті жоспарланады.

III. Жаңа сабақ

Математика сырлары қызықтырды біздерді. Сабаққа бірге қатысуға шақырамыз сіздерді.

Тапқырлық таныту — мақсатымыз, біліммен шықсын тек жақсы атымыз.

А) Теориялық бөлім

Рационал сандарды азайту ережесі

Бір саннан екінші санды азайту үшін азайғышқа азайтқышқа қарама-қарсы санды қосу керек:

a − b = a + (−b)

Азайту амалының ерекше жағдайлары

a − a = 0

0 − a = −a

a − 0 = a

Кесіндінің ұзындығы (координаталық түзуде)

Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек.

Координаталық түзуді математикаға енгізген — Рене Декарт.

Ә) Практикалық бөлім

№493

  • 1 7 − 9
  • 2 6 − 7,9
  • 3 8 − 11
  • 4 8 − 9,2
  • 5 12 − 17
  • 6 4,5 − 6

№494

  • 1 −2 − 10
  • 2 −2,3 − 0,7
  • 3 −14 − 20
  • 4 −3,2 − 1,8

IV. Бекіту

№495

  • 1 −20 − (−16)
  • 2 6 − (−8,1)
  • 3 −36 − (−17)
  • 4 −5 − (−6,7)
  • 5 −46 − (−25)
  • 6 −8 − (−9,5)

Қорытынды ой

Рационал сандарды азайту ережесін дұрыс қолдану — есептеудің дәлдігіне негіз болады. Ал координаталық түзуде кесіндінің ұзындығы әрдайым оң жақ нүктенің координатасы мен сол жақ нүктенің координатасының айырмасына тең.