Бесік жыры, Тұсау кесу жыры

Сабақ тақырыбы

Әдебиеттік оқу (2-сынып)

Тақырып: «Бесік жыры», «Тұсау кесу жыры».

Сабақта қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының мәні ашылып, өлең мазмұны өмірмен байланыстырыла талданады.

Негізгі ресурстар

  • Әдебиеттік оқу оқулығы
  • Интербелсенді тақта
  • Тапсырмалар жазылған таратпа қағаздар
  • Түрлі-түсті және көңіл күйді білдіретін стикерлер

Көрнекілік

Слайд арқылы бесік тербеткен ананың және тұсау кесу рәсімінің суреттері көрсетіледі.

Сабақтың мақсаты

Қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының мазмұнын түсіну. Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың ой-қиялын дамыту.

Күтілетін нәтиже

Өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра түсінуге мүмкіндік беру.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі

  • Оқушылардың өз ойларын қорытындылай білуіне жағдай жасау
  • Тіл белсенділігін арттыру
  • Есте сақтау қабілетін, оқу және жазу мәдениетін дамыту

Міндеттер

Түсіну және қолдану

  • Әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің пайдасын түсіну
  • Бар ақпаратты тиімді пайдаланып жұмыс істеу
  • Шапшаңдық пен ұқыптылықты дамыту

Қарым-қатынас және бағалау

  • Бір-бірін тыңдау және пікірге құрметпен қарау
  • Критерийлерді қолдана отырып әділ бағалау
  • Өзін-өзі бағалау және топ басшысының бағалауын пайдалану

Сөздік-ресурстар

бесік ішік жылқы тары

Модульдер

Сабақ барысында төмендегі бағыттар кіріктіріледі:

  • АКТ қолдану

    Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану.

  • Басқару және көшбасшылық

    Оқу үдерісін ұйымдастыру, жауапкершілік пен ынтымақтастықты дамыту.

  • Бағалау

    Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау тәсілдерін қолдану.

  • Сыни тұрғыдан ойлау

    Дәлелдеу, салыстыру, қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру.

  • Талантты және дарынды балаларды оқыту

    Қабілетіне сай қолдау көрсету және күрделендірілген тапсырмалар ұсыну.

Әдіс-тәсілдер мен стратегиялар

Ой қозғау

  • Миға шабуыл
  • Болжау
  • Қызығушылықты ояту

Талдау және жинақтау

  • Венн диаграммасы
  • «Бес жолды өлең»
  • Сергіту сәті

Кері байланыс және бағалау

  • Рефлексия: «+», «-», «?»
  • Формативті бағалау
  • Өзін-өзі бағалау және топ басшысының бағалауы