Туынды етістікті көрсет
Сабақтың тақырыбы
Қорытынды бөлім. Нәтиже сабақ. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Модуль бойынша алған білімді қорытындылау және пысықтау, білім сапасын анықтау. Сауатты жазуға және сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету.
Дамытушылық
Алған білімдерін өмірде қолдана білуге баулу.
Тәрбиелік
Оқушыларды әсемдікке, тазалыққа, ұқыптылыққа баулу. Қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Өтілген материалдарды пысықтау және бекіту.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себептерін сұрау.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабаққа бейімдеу.
- Тіл дамыту сәтін өткізу.
II. Өткен материалдарды еске түсіру және жалпылау
- Үй тапсырмасын сұрау және тексеру.
- Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін анықтау.
- Сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін және сөздік қорын бақылау.
- Нені күшейту керектігін айқындап, ескеру.
III. Сабақты қалыптастыру
Нәтиже сабақ: «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл»
1-тапсырма
ТестТест сұрақтарына жауап беріңдер.
I нұсқа
-
Сөйлемді аяқта:
Ана тілін ұмыту –
- а) тарихын білу
- ә) тарихын ұмыту
- б) тарихын меңгеру
-
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы екінші рет қашан қабылданды?
- а) 1989 жылы 22 қыркүйекте
- ә) 1995 жылы 30 тамызда
- б) 1997 жылы 11 шілдеде
-
Орфографиялық сөздікте не көрсетіледі?
- а) сөздердің дұрыс жазылуы
- ә) сөздердің дұрыс оқылуы
- б) сөздердің мағынасы
-
Берілген мақал-мәтелдер қай тақырыпқа жатады?
Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.
Ел іші – алтын бесік.
- а) Өнер-білім
- ә) Отан
- б) Еңбек
-
Шешендік сөздер неге байланысты туған?
- а) тойларға
- ә) жиындарға
- б) дауларға
-
Айтыс қалай айтылады?
- а) қолма-қол суырып салып
- ә) жаттап
- б) оқылып
-
ҚР рәміздерін көрсет.
- а) теңге, Астана, Ата заң
- ә) ту, елтаңба, әнұран
- б) шаңырақ, қыран құс
-
Мақал-мәтелді толықтыр:
... сүю отбасынан басталады.
- а) Отанды
- ә) Халықты
- б) Елді
-
Негізгі етістікті көрсет.
- а) баста
- ә) сана
- б) бар
-
Туда не бейнеленген?
- а) күн, қыран құс, ою
- ә) шаңырақ, тұлпарлар
- б) аспан, жұлдыз
-
Елтаңбада не бейнеленген?
- а) шаңырақ
- ә) күн
- б) аспан
-
1 мамыр қандай күн?
- а) Республика күні
- ә) Бірлік күні
- б) Жеңіс күні
-
«Қой аузынан шөп алмас» тұрақты тіркесінің мағынасын тап.
- а) лезде
- ә) жақын
- б) жуас
-
Күрделі етістікті көрсет.
- а) бара жатыр
- ә) тұр
- б) бастады
-
Н. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов, Ш. Қалдаяқов қай рәміздің авторлары?
- а) ту
- ә) әнұран
- б) елтаңба
II нұсқа
-
Мақалды аяқта:
Өнер алды –
- а) жасыл тіл
- ә) ақ тіл
- б) қызыл тіл
-
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы бірінші рет қашан қабылданды?
- а) 1989 жылы 22 қыркүйекте
- ә) 1995 жылы 30 тамызда
- б) 1997 жылы 11 шілдеде
-
Орфоэпиялық сөздікте не көрсетіледі?
- а) сөздердің дұрыс жазылуы
- ә) сөздердің дұрыс оқылуы
- б) сөздердің мағынасы
-
Берілген мақал-мәтелдер қай тақырыпқа жатады?
Батыр туса – ел ырысы, Жаңбыр жауса – жер ырысы.
Ерлік білекте емес, жүректе.
- а) Өнер-білім
- ә) Отан
- б) Батырлық
-
Дауларға байланысты не туған?
- а) шешендік сөздер
- ә) айтыс
- б) мақал-мәтел
-
Айтыс қай жерлерде айтылады?
- а) мәжілісте
- ә) жиналыста
- б) жиын-тойларда
-
Ту, елтаңба, әнұран —
- а) мемлекеттік тіл
- ә) мемлекеттік рәміздер
- б) мемлекеттік валюта
-
Мақал-мәтелді толықтыр:
Отанды сүю ... басталады.
- а) отбасынан
- ә) мектептен
- б) балабақшадан
-
Туынды етістікті көрсет.
- а) кел
- ә) сана
- б) бар
-
Тудың авторы кім?
- а) Ш. Қалдаяқов
- ә) Ж. Мәлібеков
- б) Ш. Ниязбеков
-
Елтаңбада не бейнеленген?
- а) жұлдыз
- ә) күн
- б) аспан
-
9 мамыр қандай күн?
- а) Республика күні
- ә) Бірлік күні
- б) Жеңіс күні
-
«Жұмған аузын ашпау» тұрақты тіркесінің мағынасын тап.
- а) үндемеу
- ә) жақын
- б) жуас
-
Дара етістікті көрсет.
- а) бара жатыр
- ә) тұр
- б) жазып отыр
-
Қыран құс қай рәмізде бейнеленген?
- а) ту
- ә) әнұран
- б) елтаңба
2-тапсырма
Тақырып бойынша эссе жазыңдар: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» (I нұсқа) немесе «Қазақ халқының ана тілі – қазақ тілі» (II нұсқа).
3-тапсырма
I нұсқа
«Әжесі» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыздар.
II нұсқа
«Меңгеру» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыздар.