Тапсырма негіздері

Қысқа мерзімді сабақ жоспары · Дүниетану

Қазақстандағы ежелгі мәдениет ескерткіштері

Бұл сабақта оқушылар Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасымен танысып, археологиялық қазба жұмыстарының мәнін түсінеді. Сонымен қатар қазақ халқының тарихына қысқаша шолу жасап, өз ойларын талқылап, топта жұмыс істеу дағдыларын дамытады.

Мақсаты

  • Қазақстанның мәдени-тарихи ескерткіштерімен таныстыру.
  • Қазақстандағы археологиялық қазба жұмыстары туралы түсінік қалыптастыру.
  • Қазақ халқының тарихына қысқаша шолу жасап, ой талқылауға мүмкіндік беру.
  • Топта жұмыс істей алу дағдыларын дамыту.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар мәдени-тарихи ескерткіштер туралы білімін кеңейтеді.
  • Топтық жұмыс барысында сабақтың негізгі идеясын ашып, өз пікірін дәлелдей алады.
  • Археологиялық қазбалардың маңызы туралы түсінік қалыптастырады.
  • Мәдени мұраға құрметпен қарау құндылықтарын нығайтады.

Тапсырма негіздері

Оқулық пен дәптермен жұмыс

  • Оқулықтағы практикалық жұмыс (11–13-беттер).
  • Дәптерге маңызды ақпараттарды жүйелеу.

Ізденіс және талқылау

  • Ізденіске негізделген тапсырмалар орындау.
  • Топ ішінде талқылау, ой бөлісу және ортақ қорытынды жасау.

Оқушыларға арналған дереккөздер

Ғаламтор · www.google.com

Сақ тайпасы және Алтын адам туралы мәліметтерді қарастыру, негізгі деректерді іріктеп алу.

Сабақтың көрнекілігі

  • Бағалау парақшалары және критерийлер
  • Кері байланыс парақшасы
  • Бор, тақта, маркер
  • Түсті суреттер, плакат
  • Интерактивті тақта және проектор

Сабақта қолданылатын тәсілдер

Топқа бөліну Топтық жұмыс Оқулықпен жұмыс Дәптермен жұмыс Сергіту сәті Тест тапсырмасы Топтық бағалау Өзін-өзі бағалау Өткенге шолу Өмірмен байланыс Көңіл күйді көтеру

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Балалар, бүгін дүниетану сабағы ерекше өтеді, себебі сыныбымызда қонақтар отыр. Бүгін біз біліміміздің жоғары екенін іс жүзінде көрсетеміз.

Топқа бөлу

  1. 1 «Археолог болғым келеді» деген оқушылар 1-қатарға отырады.
  2. 2 «Өнер иесі болғым келеді» деген оқушылар 2-қатарға отырады.
  3. 3 «Елімді қорғайтын азамат болғым келеді» деген оқушылар 3-қатарға отырады.

Кеше өткен тақырып бойынша қысқаша рефлексия жасалады.

2) Көңіл күйді көтеру сәті

Сабаққа кіріспес бұрын, көңіл күйімізді көтеру үшін «Қаражорға» әніне билейміз.

3) Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақтар

  1. 1 Кім әлемнің жеті кереметі туралы жалпы мәлімет жинап келді?
  2. 2 Кім тарихи жинақтардан, энциклопедиялардан және ғаламтордан әлемнің жеті кереметі туралы ізденіп оқып келді?
  3. 3 Кім қызықты мәліметтерді дәптерге жазып келді?