Тамашадан қалмаңдар

Бастауыш сынып мұғалімі Жангүл Иманмадиева

«Қош келдің, қазағымның Жаңа жылы!» атты тәрбиелік іс-шара.

Мақсаты

  • Ата-бабаларымыздың мыңдаған жылдар бойы мерекелеп келе жатқан жыл басы туралы білімдерін жетілдіру.
  • Оқушыларды өз халқының, өз елінің салт-дәстүрін терең танып, оны іс жүзінде жүзеге асыра білуге тәрбиелеу.
  • Оқушылардың ауызекі сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту; өмірге және болашаққа деген сүйіспеншілігі мен түсінігін қалыптастыру.

Сахналық көрініс

Кіріспе

Сахнада баяу әуен ойнайды. Ұлттық киім киген төрт жігіт шығып, қауымға иіліп сәлем береді. Кезекпен жар салады.

1-жігіт — Әділет

Жар салу

О, жарандар, жарандар! Бәрің мында қараңдар! Наурыз тойы басталды, Текке қарап тұрмаңдар!

2-жігіт — Диас

Жар салу

Әуелесін армандар, Үміті от боп жанғандар. Бақ дарып, Қызыр қарасын, Мерекеден қалмаңдар!

3-жігіт — Жолдыбай

Жар салу

О, жарандар, жарандар! Тамашадан қалмаңдар. Құс қанатты көңілмен, Жер әлемді шарлаңдар.

4-жігіт — Дастан

Жар салу

Оятып шың мен асқарды, Ерітіп мұз бен ақ қарды. Нұрландырған даланы, Наурыз — көктем басталды.

Жүргізушілер сөзі

Сахнаға шығу

Сахнаға ұлттық киім киген жүргізушілер шығады.

1-жүргізуші — Бекзат

Наурыз құтты болсын, елімізге береке әкелсін!

2-жүргізуші — Батырхан

Бармысыздар, қадірменді халайық! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын!

1-жүргізуші — Бекзат

Қасиетті күн — Наурыз мерекесі құтты болсын! Бұл күні алдағы күндерге арнап ізгі ой айтылып, ақжарма тілек тілінеді.

2-жүргізуші — Батырхан

Ендеше: Бастаса — елдің көсемі, Сөйлесе — сөздің шешені. Ақылы асқан абыздай, Бар түйінді шешеді, — дей отырып, Жанат апай мен Алма апайға сөз кезегін береміз.

Көктемнің әуені

Өлең жолдары

Қуды жерден суықты, Қырдан салқын бу ұшты. Гүл жайнаған көктемде, Гүлдей сыйлық көп менде. Гүлдей қызымыз келіп тұр, Көңілді ән салып бермекке.

Ән

«Шақырады көктем»

Орындауға шақыру