Сан есімнің құрамына қарай түрлерін ата
Сан есімнің емлесі және сан есімді қайталау
Бұл сабақ сан есім туралы білімді жүйелеуге, емле нормаларын нақтылауға және теорияны тәжірибемен ұштастыруға бағытталған. Жұмыс барысында оқушылар жеке және топтық тапсырмалар арқылы ойлау дағдыларын дамытып, өз пікірін дәл әрі сауатты жеткізуге машықтанады.
Негізгі идея
Сан есімнің емлесі, мағыналық түрлері, жасалу жолдары және құрамына қарай түрлері.
Жалпы мақсат
- Сан есім бойынша алған білімді нығайту, тиянақтау, жүйелеу және теориялық білімді практикалық қолданумен ұштастыру.
- Адамгершілікке, ізеттілікке, достыққа, әдептілікке және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
- Ойын элементтері арқылы тапқырлық пен ізденімпаздықты қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, ойды жүйелі жеткізуді дамыту.
Күтілетін нәтиже
- 1 Сан есімнің емлесін меңгереді; мағыналық топтарын біледі; құрамына қарай түрлерін ажырата алады.
- 2 Ережелерді қолдана отырып, тапсырмаларды жеке орындайды; түрлерін салыстырып, бір-бірінен ажыратады.
- 3 Өткенді жинақтап, топпен тұжырымдамалық карта жасайды; тіл біліміндегі орнын бағамдайды; ана тіліне құрметі артады.
Стратегиялық іс-әрекеттер
Блум таксономиясы
Жеке жұмыс
Топтық жұмыс
Жұқа–қалың сұрақтар
Топқа бөлу
Өзара бағалау
Тапқырлық танытайық
Екі жұлдыз, бір тілек
Блум баспалдағы
Шығармашылық шарт стратегиялары
Сандар сөйлейді
Ресурстар мен жабдықтар
- Оқулық
- Интербелсенді тақта
- Сөз қиындылары
- Тапсырма парақшалары
- Тұжырымдамалық карта
- Блум баспалдағы
- Күлегештер
- Стикерлер
Үй тапсырмасы
Оқушылардың өткен тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін төмендегі тапсырмалар беріледі.
Ескерту:
Дұрыс әрі нақты жауап берген оқушыға жұлдызша беріледі.
- Топтау және бөлшектік сан есім.
- 156-жаттығу: «Топтасу – түбі ынтымақ» тақырыбында ой-пікір жазу.
«Білгенге маржан…» сұрақтары
Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы сан есімнің анықтамасы, сұрақтары, жасалу жолдары және түрлері қайталанады.
- Сан есім дегеніміз не?
- Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
- Сан есімнің құрамына қарай түрлерін ата.
- Дара сан есім дегеніміз не?
- Күрделі сан есімдерге мысал келтір.
- Сан есімнің мағынасына қарай түрлерін ата.
- Есептік сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
- Реттік сан есім жасайтын жұрнақтарды ата.
- -ау, -еу жұрнақтары арқылы жасалатын сан есімнің түрі қандай?
- «Нешінші?» сұрағы қай сан есімнің сұрағы?
- Қай сан есімдерге -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда ы, і дыбыстары түсіріліп қолданылады?
- Болжалдық сан есім жасайтын жұрнақтарды ата.
- «Қаншадан?», «нешеден?» сұрақтарына жауап беретін сан есімнің түрі қандай?
- «Оннан екі» — қандай сан есім?
- «Мың», «жүз» — құрамына қарай қандай сан есімдер?
- «Екеу», «үшеу», «төртеу» — қандай сан есімдер?