Білге хан
Сабақтың тақырыбы
§13. Қарақытайлар.
Сабақтың мақсаты
Білімдік мақсат
Қарақытайлардың Жетісуға қоныс аударуын, қоғамдық құрылысын және алым-салық жүйесін түсіндіру. Жаугершілік соғыстар мен мемлекеттің әлсіреуіне сыртқы шапқыншылықтың ықпалын көрсету.
Дамытушылық мақсат
Қарақытай мемлекетінің қоғамдық құрылысы, алым-салық жүйесі және саяси жағдайын талдау арқылы тарихи деректермен жұмыс істеу, ойды жинақтап қорытындылау дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік мақсат
Оқушыларды өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге баулу. Қазақ жерінде өмір сүрген ортағасырлық Қарақытай мемлекетінің тарихымен таныстыру арқылы Отансүйгіштікке және адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдісі
Интерактивті оқыту әдісі
Көрнекілігі
- Карта
- Слайдтар
- Сөзжұмбақ
- Электронды оқулық
- Тірек-сызба және басқа материалдар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралдарын тексеріп, түгелдеу.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Қайталау тапсырмасы «Есімдер сөйлейді» және «Цифрлар сөйлейді» бөлімдері арқылы жүргізіледі.
«Есімдер сөйлейді»
- 1.Наркеш Дайын
- 2.Инанч-білге
- 3.Білге хан
- 4.Бұйрық хан
- 5.Даян хан
- 6.Шыңғыс хан
- 7.Ван
- 8.Күшлік
- 9.Торы (Тоғырыл хан)
- 10.Құршақыз
- 11.Маркус
- 12.Рашид ад-Дин
- 13.Жамұқа
- 14.Мұқылай
- 15.Әбілғазы хан
- 16.Қадырғали Жалайыри
«Цифрлар сөйлейді»
- 1.X ғасыр
- 2.VIII ғасыр
- 3.XII ғасыр
- 4.1201 ж.
- 5.1204 ж.
- 6.XI ғ. аяғы — XII ғ. басы
- 7.X—XII ғасырлар аралығы
Ескерту: Әр атау мен дата бойынша оқушылар қысқаша түсіндірме беріп, оның тарихи маңызын дәлелдейді.