Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер
Кіріспе
Ғылыми-техниканың қарқынды дамуы табиғатты тиімді пайдалану ісін ұйымдастыруда адамзаттың алдына бірқатар жаңа міндеттер қойып, табиғатты қорғауға қатысты көптеген мәселелерді күрделендірді. Табиғи ресурстарды пайдалану көлемінің артуы, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының көбеюі, энергияны пайдаланудың ұлғаюы, жаңа материалдар мен өндірістің жаңа салаларының пайда болуы, ауыл шаруашылығын интенсивтендіру, халқы көп ірі қалалардың көбеюі — тез арада шешімді қажет ететін маңызды мәселелер.
Экологиялық жағдайдың күрт нашарлауы адамдардың табиғатқа антропогендік әсерімен тікелей байланысты. Атмосферадағы көмірқышқыл газының концентрациясы артқан сайын климат өзгеріп, температураның жоғарылауына алып келеді. Энергия көзі ретінде көмір, мұнай және табиғи газды пайдалану, сондай-ақ машиналардың көбеюі мен индустриялық дамудың жеделдеуі бұл үдерісті одан әрі күшейтеді.
Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға әсері жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалады. Соңғы деректерге сүйенсек, атмосфераға жыл сайын шамамен 400 млн тонна күкірт диоксиді, азот және көміртек оксидтері, сондай-ақ қатты бөлшектер шығарылады. [2, 142-бет]
Зерттеудің мақсаты мен құрылымы
Мақсаты
Табиғи ресурстарды пайдалану барысында Қазақстан Республикасының экологиялық ортасына түсетін әсерді бағалау және шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға ықпалын төмендету шараларын талдау.
Жаңалығы және дербестік нәтижесі
Зерттеу жұмысында қоршаған ортаның, соның ішінде атмосфералық ауаның ластану көздері айқындалып, жүйелі түрде сипатталды.
Әдістері
- Дереккөздермен танысу
- Мәліметтерді жинақтау
- Қорыту және жүйелеу
- Салыстырмалы талдау жасау
Міндеттері
- Экология саласындағы білім беру аясын кеңейту
- Қоршаған ортаны қорғау шараларына басымдық беру
Негізгі бөлім
Атмосфераның ластануы және ластаушы көздер
Өндірістің қарқынды дамуы және отын түрлерін кең көлемде жағу салдарынан атмосферадағы бос оттектің қоры азайып, көмірқышқыл газының мөлшері артып келеді. Нәтижесінде табиғаттағы көміртек айналымының бұзылғанын байқауға болады.
Адам баласы отты алғаш қолданған кезден бастап бүгінге дейін әртүрлі жану процестерінде шамамен 273 млрд тонна оттегі жұмсаған. Соның 246 млрд тоннасы (яғни 90%-ға жуығы) соңғы жарты ғасырдың үлесіне тиесілі.
Көміртек айналымының бұзылуы және атмосферада көмірқышқыл газы концентрациясының жоғарылауы Жердегі химиялық тепе-теңдікке елеулі әсер етеді.
Атмосфералық ауа — түрлі газдардың қоспасы. [6, 27-бет]